Алматыда автотұрақ бағасы қымбаттайды

© Акимат АлматыАлматыдағы автотұрақ
Алматыдағы автотұрақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Жоғары тариф автотұрақ орындарына сұраныс көп әрі орын тапшылығы байқалатын жерлерде ғана қолданылады
АСТАНА 18 қыркүйек – Sputnik. Алматының кейбір ауданында ақылы автотұрақ тарифі көтеріледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Коммуналдық автотұрақтардағы тарифті 10 жылда алғаш рет қайта қарау ұсынылды. Қазір автотұрақтың бір сағаты үшін баға - 100 теңге. Бұл тариф 2016 жылдан бері өзгерген жоқ, дейді әкімдік.
Жобаға сәйкес, көлік жүктемесі төмен учаскелерде тариф бұрынғыдай сағатына 100 теңге болып қалады.
Ал автотұраққа сұраныс жоғары учаскелерде тарифті көтеру ұсынылып отыр:
көлік жүктемесі орташа болса – сағатына 150 теңге;
көлік жүктемесі жоғары учаскелерде – сағатына 200 теңге.
Яғни, жоғары тариф автотұрақ орындарына сұраныс көп әрі орын тапшылығы байқалатын жерлерде ғана қолданылады.
Жоба авторларының айтуынша, бұл бос орын іздеуге кететін уақытты қысқартып, автотұрақтардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақылы автотұрақ аймағындағы үйлердің тұрғындары үшін рұқсат рәсімдеп, үйінің маңында көлігін тегін қою мүмкіндігі сақталады. Сондай-ақ пайдаланушылардың кейбір санаттарына берілетін жеңілдіктер де қалады.
Жоба қалалық мәслихаттың сессиясында таныстырылды.
Парковки в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2026
Алматылықтар көлігін үйінің маңындағы тұраққа тегін қоя алады
Жаңалықтар
0