https://sputnik.kz/20260917/shyu-men-eaeo-elderi-arasyndagy-sauda-aynalymy-197-mlrd-dollardy-qurady-66734244.html
ШЫҰ мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда айналымы биыл 197 млрд долларды құрады
ШЫҰ мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда айналымы биыл 197 млрд долларды құрады
Sputnik Қазақстан
Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығында "ЕАЭО күндері" ашылды 17.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-17T14:08+0500
2026-09-17T14:08+0500
2026-09-17T14:43+0500
бейжің
еаэо
шыұ
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64240798_0:106:3072:1834_1920x0_80_0_0_601e79ec5898e028a256038e61504d76.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартысында ЕАЭО мен ШЫҰ елдері арасындағы сауда айналымы 197 миллиард долларды құрады, бұл 17%-дан астам өсім.ЕЭО-ның жалпы сыртқы саудасының шамамен 48%-ын ШЫҰ елдері құрайды, деп хабарлады ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев. Бұл оң үрдіс 2025 жылдан бастап жалғасып келеді, деді ол.Бейжіңде ШЫҰ хатшылығындағы "ЕАЭО күндері" іс-шарасының ашылу салтанатында осы және басқа да мәселелер талқыланды.Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, ШЫҰ ашық, прагматикалық және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық моделін әзірлеуге саяси ерік-жігерге ие. ЕАЭО аймағы жаһандық сауда және транзиттік бағыттар үшін маңызды орталық болып табылады."Бүгінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін, үйлесімділігін және практикалық пайдасын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға міндеттенеді және біз ЕАЭО-ның бұл тұрғыдағы тәжірибесін пайдалана алатынымызға және пайдалануымыз керек екеніне сенімдіміз", - деді Бас хатшы.ЕАЭО серіктестерінің арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы ерекше орын алады, деді Бақытжан Сағынтаев салтанатты рәсімде."Еуразиялық экономикалық комиссия мен ШЫҰ хатшылығының ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастары бар. Бұл қарым-қатынастар өзара құрметке, ынтымақтастыққа ортақ көзқарастарға және Еуразия мемлекеттерінің тұрақты дамуын ілгерілетуге деген ұмтылысқа негізделген", - деді ол.
https://sputnik.kz/20260916/eaeo-men-mongoliya-2027-zhylga-et-zhetkizu-kolemin-belgiledi-66674685.html
бейжің
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64240798_302:0:3033:2048_1920x0_80_0_0_c34918edeccde4a101fdc6f392a6e6ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейжің, еаэо, шыұ
ШЫҰ мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда айналымы биыл 197 млрд долларды құрады
14:08 17.09.2026 (жаңартылды: 14:43 17.09.2026) Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығында "ЕАЭО күндері" ашылды
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. 2026 жылдың бірінші жартысында ЕАЭО мен ШЫҰ елдері арасындағы сауда айналымы 197 миллиард долларды құрады, бұл 17%-дан астам өсім.
ЕЭО-ның жалпы сыртқы саудасының шамамен 48%-ын ШЫҰ елдері құрайды, деп хабарлады ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев. Бұл оң үрдіс 2025 жылдан бастап жалғасып келеді, деді ол.
"2025 жылы ЕАЭО мен ШЫҰ елдері арасындағы сауда айналымы 371 миллиард долларға жетті. Бұл он жыл бұрынғыдан, Одақ енді ғана жұмыс істей бастаған кезден шамамен төрт есе көп", - деді ЕЭК алқасының төрағасы.
Бейжіңде ШЫҰ хатшылығындағы "ЕАЭО күндері" іс-шарасының ашылу салтанатында осы және басқа да мәселелер талқыланды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, ШЫҰ ашық, прагматикалық және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық моделін әзірлеуге саяси ерік-жігерге ие. ЕАЭО аймағы жаһандық сауда және транзиттік бағыттар үшін маңызды орталық болып табылады.
"Бүгінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін, үйлесімділігін және практикалық пайдасын арттыруға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға міндеттенеді және біз ЕАЭО-ның бұл тұрғыдағы тәжірибесін пайдалана алатынымызға және пайдалануымыз керек екеніне сенімдіміз", - деді Бас хатшы.
ЕАЭО серіктестерінің арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы ерекше орын алады, деді Бақытжан Сағынтаев салтанатты рәсімде.
"Еуразиялық экономикалық комиссия мен ШЫҰ хатшылығының ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастары бар. Бұл қарым-қатынастар өзара құрметке, ынтымақтастыққа ортақ көзқарастарға және Еуразия мемлекеттерінің тұрақты дамуын ілгерілетуге деген ұмтылысқа негізделген", - деді ол.