Келесі жылы өңірлер үшін республикалық бюджеттен қанша қаражат қарастырылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевВиды Астаны летом
Виды Астаны летом - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Бұл үйлердегі су мен жылу, жақсы жолдар, мектептер мен ауруханалар, газдандыру және коммуналдық инфрақұрылым
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін қаржының көлемі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, өңірлерге жыл сайын қазынаның төрттен бір бөлігі немесе 7,4 трлн теңге жіберілетін болады.

"Өңірлерге жіберетін барлық қаражат – ең алдымен халыққа арналады. Бұл үйлердегі су мен жылу, жақсы жолдар, мектептер мен ауруханалар, газдандыру және коммуналдық инфрақұрылым. Біздің міндетіміз – халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау", - деді Бейсенбекұлы Құрылтайдағы отырыста.

Оның айтуынша, бүгінде өңірлер салықтың 12 түрін өздері жұмсайды. Соның арқасында жергілікті бюджеттерге соңғы жылдары 7,3 трлн теңге түскен.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің өз кірістері 9,3 трлн теңгегежетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,3 пайызға артық", - деді вице-министр.
На пленарном заседании мажилиса Динара Шукижанова официально сложила полномочия депутата - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Видео
Халық кеңесіне қанша ақша бөлінеді
Жаңалықтар
0