Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

БҰҰ Бас хатшысы қызметіне кандидат Ресей және Украинамен тікелей диалогқа дайын

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуБҰҰ ғимараты
БҰҰ ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Гайана өкілі Родригес-Биркетт қазіргі уақытта БҰҰ-ның келесі Бас хатшысы болу үшін жарыста көш бастап тұр
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы лауазымына кандидат Кэролайн Родригес-Биркетт РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында егер сайланар болса, қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін Ресей және Украинамен тікелей диалогқа кірісуге дайын екенін айтты.
Гайана өкілі Родригес-Биркетт қазіргі уақытта БҰҰ-ның келесі Бас хатшысы болу үшін жарыста көш бастап тұр. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің екінші бейресми дауыс беруінде 15 елдің сегізі оның кандидатурасын қолдады, ал оның ең жақын қарсыластары - Коста-Рикадан келген кандидат Ребека Гринспан мен МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси - әрқайсысы жеті дауыс алды.

"Мен бейбітшілікті нығайту деген бір ғана мақсатпен Украинада, Ресейде немесе кез келген басқа қақтығыста билік өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға дайынмын", - деді Родригес-Биркетт.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас хатшысы бейтарап делдал ретінде әрекет етуі және қақтығыстың барлық тарапымен келіссөздер жүргізіп қана қоймай, оның басталуына жол бермеуге тырысуы керек.
Қыркүйектің басында Ресей мен АҚШ Украинадағы келісім бойынша келіссөздер жүргізді. Кейіннен Мәскеу қазан айында Ресей, АҚШ және Украина қатысатын үшжақты келіссөздердің жаңа кезеңін өткізу мүмкіндігін хабарлады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің бұл форматқа оралуға дайын екенін мәлімдеді.
Бейресми дауыс беру Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне бірыңғай кандидатты таңдамас бұрын кандидаттарды қолдау деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ Бас Ассамблеясына жаңа Бас хатшыны ұсынуға жауапты. Антониу Гутерриштің ұйымды басқарудағы екінші мерзімі 2026 жылдың соңында аяқталады.
БҰҰ ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
БҰҰ Бас хатшысы қызметіне кандидат Украинадағы қақтығысты басымдық деп атады
Жаңалықтар
0