Батыс Қазақстанда өрт сөндіруші қызмет кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаӨрт сөндіруші машина
Өрт сөндіруші машина - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Оқиға фактісі бойынша тиісті тексеру жүріп жатыр
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында құрғақ шөп өртенуі кезінде өрт сөндіруші қаза болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Татран" қыстау ауданында құрғақ шөп өртенген.
"Өртті жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жарақат алды. Жәнібек ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді, онда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан алған жарақаттарынан қайтыс болды", - дейді департаментте.
Оқиға фактісі бойынша тиісті тексеру жүріп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау, оның ішінде жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем көрсетті, дейді төтенше жағдайлар департаментінде.
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Өскеменде өрт сөндіруші үшінші қабаттан құлады – желіде видео тарады
Жаңалықтар
0