https://sputnik.kz/20260916/zhaponiya-elshiligi-viza-beru-zhuyesi-ozgeretinin-eskertti-66687522.html
Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті
Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 16.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-16T15:41+0500
2026-09-16T15:41+0500
2026-09-16T15:42+0500
жапония
виза
https://sputnik.kz/img/old/842/10/8421014_0:80:1141:721_1920x0_80_0_0_8b28e1c7cc1ff32fdf5164671fa514eb.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.23 қыркүйектен бастап визаға өтініш беруге арналған нөмірлі талондар беру жүйесі енгізіледі. Талондар өтініш қабылданатын күні сағат 9:30-дан бастап елшіліктің күту залында беріледі.Талон тек берілген күні ғана жарамды. Ал визаға өтініш беру нәтижелерін алған кезде талон қажет емес. Елшілікте дүйсенбі және жұма күндері адам көп болады.Талонсыз қабылданатын өтініштер:
https://sputnik.kz/20260429/chekhiya-qazaqstan-azamattaryna-viza-rezhimin-zhenildetuge-nietti--andrey-babish-63057705.html
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/842/10/8421014_36:0:1103:800_1920x0_80_0_0_b3b92394d449d90484b46c4ed8a70094.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жапония, виза
Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті
15:41 16.09.2026 (жаңартылды: 15:42 16.09.2026) АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Жапония елшілігі виза беру жүйесі өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 23 қыркүйектен бастап визаға өтініш беруге арналған нөмірлі талондар беру жүйесі енгізіледі. Талондар өтініш қабылданатын күні сағат 9:30-дан бастап елшіліктің күту залында беріледі.
"Талон алған адамдар күту залында отырмай, кез келген уақытта сағат 12:00-ге дейін қабылдау терезелеріне келіп, өтініш тапсыра алады. Нөмірлі талон визаға өтініш беру құқығын беретінін, алайда қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылатынын ескертеміз", - дейді елшілік мамандары.
Талон тек берілген күні ғана жарамды. Ал визаға өтініш беру нәтижелерін алған кезде талон қажет емес. Елшілікте дүйсенбі және жұма күндері адам көп болады.
Талонсыз қабылданатын өтініштер:
Жапония үкіметі немесе мемлекеттік мекемелерінің шақыруына негізделген виза өтініштер;
Жапонияда медициналық ем алу мақсатындағы виза өтініштер;
Вербалды нота арқылы тапсырылатын виза өтініштері.