https://sputnik.kz/20260916/quryltaydyn-zhanynan-qogamdyq-palata-ne-ushin-qurylady-66678469.html
Құрылтайдың жанынан қоғамдық палата не үшін құрылады
Құрылтайдың жанынан қоғамдық палата не үшін құрылады
Sputnik Қазақстан
Қоғамдық палатаға 50 адам кіретін болады 16.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-16T11:50+0500
2026-09-16T11:50+0500
2026-09-16T11:50+0500
құрылтай
депутат
сарапшы
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66090416_0:119:2560:1559_1920x0_80_0_0_c4fde2ae69d8cbcdd6449954a5d4251f.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай жанынан қоғамдық палата құрылады. Бүгін депутаттар тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін мәжілістің жанында қоғамдық палата болған. Ал сенат жанындағы сарапшылар клубы заң жобаларын мұқият пысықтап отырған. Осы жұмысқа беделді сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес сектор өкілдерін тартылды.Оның айтуынша, дәл осындай бірлестіктер азаматтар мен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқарып, қоғамның нақты сұраныстары мен ұстанымдарын көрсететін маңызды индикаторға айналып отыр."Палатаның жұмысы тек заң жобаларымен шектелмеуге тиіс. Оның алаңында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың ең өзекті мәселелерін талқылау қажет. Ең алдымен, бұл – кәсіби сараптаманы, ашық пікірталасты және қоғаммен кері байланысты қажет ететін мәселелер. Сондықтан Палата құрамында кең ауқымды өкілдікті қамтамасыз ету маңызды", - деді депутат.Қоғамдық палатаға 50 адам кіретін болады. Ал қажет болған жағдайда жекелеген мәселелер мен салалық тақырыптарды талқылауға беделді ғалымдарды, сала мамандарын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қосымша тартуға болады.
https://sputnik.kz/20260916/qazaqstan-men-serbiyanyn-askeri-yntymaqtastygy-quryltay-zandy-birinshi-oqylymda-maquldady-66675973.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66090416_162:0:2398:1677_1920x0_80_0_0_be9f4705ac06476244db12ffb707c5f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылтай, депутат, сарапшы
құрылтай, депутат, сарапшы
Құрылтайдың жанынан қоғамдық палата не үшін құрылады
Қоғамдық палатаға 50 адам кіретін болады
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай жанынан қоғамдық палата құрылады. Бүгін депутаттар тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін мәжілістің жанында қоғамдық палата болған. Ал сенат жанындағы сарапшылар клубы заң жобаларын мұқият пысықтап отырған. Осы жұмысқа беделді сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес сектор өкілдерін тартылды.
"Сондықтан бүгінде осы алаңдар аясында жинақталған озық тәжірибені сақтап, бұл жұмысты ары қарай Құрылтай қызметі шеңберінде жалғастырып, оны жаңа деңгейге көтеру маңызды", - дейді депутат Айдос Сарым.
Оның айтуынша, дәл осындай бірлестіктер азаматтар мен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқарып, қоғамның нақты сұраныстары мен ұстанымдарын көрсететін маңызды индикаторға айналып отыр.
"Палатаның жұмысы тек заң жобаларымен шектелмеуге тиіс. Оның алаңында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамудың ең өзекті мәселелерін талқылау қажет. Ең алдымен, бұл – кәсіби сараптаманы, ашық пікірталасты және қоғаммен кері байланысты қажет ететін мәселелер. Сондықтан Палата құрамында кең ауқымды өкілдікті қамтамасыз ету маңызды", - деді депутат.
Қоғамдық палатаға 50 адам кіретін болады. Ал қажет болған жағдайда жекелеген мәселелер мен салалық тақырыптарды талқылауға беделді ғалымдарды, сала мамандарын, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қосымша тартуға болады.