Қазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаҚазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады
Қазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Жазылу
Келісім аясында тараптар технологиялық және инженерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 16 қыркүйек - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Шин-Лайн" компаниясы және Оңтүстік Кореяның Sungwon Machinery Co., Ltd. компаниясы үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум озық азиялық технологияларды Қазақстанда енгізуге, өндірістік қуаттарды дамытуға және корей үлгісіндегі балмұздақ түрлерін шығаруды жолға қоюға бағытталған.

""Шин-Лайн" серіктестігі базасында "Шин-Лайн Инжиниринг" компаниясы құрылады. Жаңа компания заманауи өндірістік технологияларды енгізу, жетілдіру және қазақстандық өндіріс жағдайына бейімдеу бағытында жұмыс істейтін орталыққа айналмақ", - дейді министрлік.

Келісім аясында тараптар технологиялық және инженерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады
Қазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Қазақстанда корейлік балмұздақ өндірісі іске қосылады
"Оңтүстік Корея тарапының инженерлік шешімдері мен тәжірибесін пайдалану өндіріс үдерістерін жаңғыртып қана қоймай, жаңа технологияларды игеруге, кәсіпорынның өз инженерлік әлеуетін қалыптастыруға және қосылған құны жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға жол ашады", - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығы министрлігі өз тарапынан жобаға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесіп, тамақ өнеркәсібіндегі инвестициялық белсенділікті ынталандыруға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат береді.
Производство мороженого в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Қазақстанда балмұздақ экспорты импорттан асып түсті
Жаңалықтар
0