Экс-банкир Жомарт Ертаев түрмеден шықты

© Photo : ТОО "Алма ТВ"Жомарт Ертаев
Жомарт Ертаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Жазылу
Ол 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK қаржысын жымқыру ісі бойынша тағайындалған жазасын толық өтеп, бостандыққа шықты.
Алайда ол тағы алты жыл бойы бақылауда болады.

"Ол адам сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтегеннен кейін босатылды.Сонымен қатар, заңға сәйкес, ол алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалауға алынады. Әкімшілік қадағалау – түзеу мекемесінен босатылған адамның мінез-құлқына құқық қорғау органдары тарапынан заңда белгіленген тәртіппен бақылау жасауды білдіреді", - дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Айта кетейік, ️Ертаев 2020 жылы RBK банкінен 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған болатын.

2025 жылы қыркүйекте ол рақымшылық бойынша босатылған еді. Алайда кейін бұл шешімнің күші жойылып, Ертаев қайтадан колонияға жіберілді.
Жомарт Ертаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр
Жаңалықтар
0