https://sputnik.kz/20260916/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-16-qyrkuyek-66666959.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 16 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 16 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
16 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 16.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-16T00:01+0500
2026-09-16T00:01+0500
2026-09-16T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1144/57/11445733_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_9e6cf4b97c488f9d563c62aa4d288321.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.16 қыркүйекте әлемде қандай қызық болдыБүгін Италияның Верона қаласында әлемдегі ең мұңды шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні аталып өтеді. Шекспирдің "Ромео және Джульетта" трагедиясындағы сұлудың жасы он төртке де толмаған болатын. Алайда Веронаға әлі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінен ғашықтардан Джульеттаға жазылған хаттар келіп тұрады.Мексиканың Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 қыркүйекте ресми мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. Алайда, ең басты және салтанатты шаралар 15 қыркүйек кешінен басталады. Сондай-ақ 16 қыркүйек – жер бетін күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын табиғи қалқанды сақтауға арналған Халықаралық озон қабатын қорғау күні. Бұл атаулы күнді 1994 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады.Бүгін Халықаралық интервенциялық кардиология күні. Бұл күн 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан белгіленді. Бұл күн тарихи оқиғаны атап өту үшін таңдалды. 1977 жылдың 16 қыркүйегінде доктор Андреас Грюнтциг алғашқы сәтті коронарлық ангиопластиканы жасады.16 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1492 жылы Саргассово теңізі ашылды;1908 жылы АҚШ-та General Motors компаниясының негізі қаланды;1916 жылы Онтариода (Канада) құрғақ заң енгізілді;1993 жылы Абхазиядағы соғыс кезінде Сухуми үшін күрес басталды;1996 жылы АҚШ-та Пентагонның компьтерлік желісін бұзған хакер Кевин Митник қамауға алынды.16 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1944 жылы қазақ сазгері Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы құрылды;1992 жылы Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;1992 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің Парламентаралық ассамблеясы құрылды;2005 жылы Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті;2006 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында Наурызбай батырға ескерткіш ашылды.16 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар1936 жылы кеңестік театр және кино әртісі, кинорежиссер, Ресейдің халық әртісі Михаил Кокшенов өмірге келді (фильмдері: "Не может быть", "Спортлото 82", "Самая обаятельная и привлекательная");1945 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әртісі, жазушы-сықақшы, тележүргізуші Евгений Петросян туды;1952 жылы америкалық киноәртіс, бұрынғы кәсіпқой боксшы Микки Рурк дүниеге келді (фильмдері: "Дикая орхидея", "Год дракона", "Девять с половиной недель");1956 жылы америкалық сиқыршы, гипнозшы Дэвид Копперфильд өмірге келді.16 қыркүйекте Қазақстанда кімдер туды?1926 жылы домбырашы, күйші Елемес Таласбайұлы дүниеге келді;1928 жылы суретші Әли Жүсіпов өмірге келді;1949 жылы Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Қабиболла Жақыпов туды;1973 жылы қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/57/11445733_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_a917704c97470f81fac8bc9db9afcbaf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 16 қыркүйек
16 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
16 қыркүйекте әлемде қандай қызық болды
Бүгін Италияның Верона қаласында әлемдегі ең мұңды шығарманың кейіпкері Джульеттаның туған күні аталып өтеді. Шекспирдің "Ромео және Джульетта" трагедиясындағы сұлудың жасы он төртке де толмаған болатын. Алайда Веронаға әлі күнге дейін әлемнің түкпір-түкпірінен ғашықтардан Джульеттаға жазылған хаттар келіп тұрады.
Мексиканың Тәуелсіздік күні жыл сайын 16 қыркүйекте ресми мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. Алайда, ең басты және салтанатты шаралар 15 қыркүйек кешінен басталады.
Сондай-ақ 16 қыркүйек – жер бетін күннің зиянды ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын табиғи қалқанды сақтауға арналған Халықаралық озон қабатын қорғау күні. Бұл атаулы күнді 1994 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады.
Бүгін Халықаралық интервенциялық кардиология күні. Бұл күн 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан белгіленді. Бұл күн тарихи оқиғаны атап өту үшін таңдалды. 1977 жылдың 16 қыркүйегінде доктор Андреас Грюнтциг алғашқы сәтті коронарлық ангиопластиканы жасады.
16 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1492 жылы Саргассово теңізі ашылды;
1908 жылы АҚШ-та General Motors компаниясының негізі қаланды;
1916 жылы Онтариода (Канада) құрғақ заң енгізілді;
1993 жылы Абхазиядағы соғыс кезінде Сухуми үшін күрес басталды;
1996 жылы АҚШ-та Пентагонның компьтерлік желісін бұзған хакер Кевин Митник қамауға алынды.
16 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1944 жылы қазақ сазгері Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы құрылды;
1992 жылы Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады;
1992 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін елдердің Парламентаралық ассамблеясы құрылды;
2005 жылы Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті;
2006 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында Наурызбай батырға ескерткіш ашылды.
16 қыркүйекте әлемде туған танымал тұлғалар
1936 жылы кеңестік театр және кино әртісі, кинорежиссер, Ресейдің халық әртісі Михаил Кокшенов өмірге келді (фильмдері: "Не может быть", "Спортлото 82", "Самая обаятельная и привлекательная");
1945 жылы кеңестік және ресейлік эстрада әртісі, жазушы-сықақшы, тележүргізуші Евгений Петросян туды;
1952 жылы америкалық киноәртіс, бұрынғы кәсіпқой боксшы Микки Рурк дүниеге келді (фильмдері: "Дикая орхидея", "Год дракона", "Девять с половиной недель");
1956 жылы америкалық сиқыршы, гипнозшы Дэвид Копперфильд өмірге келді.
16 қыркүйекте Қазақстанда кімдер туды?
1926 жылы домбырашы, күйші Елемес Таласбайұлы дүниеге келді;
1928 жылы суретші Әли Жүсіпов өмірге келді;
1949 жылы Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Қабиболла Жақыпов туды;
1973 жылы қазақстандық танымал велошабандоз, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров дүниеге келді.