https://sputnik.kz/20260915/ulttyq-dengeydegi-rekord-byltyr-qazaqstanda-170-mynga-zhuyq-avtomobil-shygaryldy--66658286.html
Ұлттық деңгейдегі рекорд: былтыр Қазақстанда 170 мыңға жуық автомобиль шығарылды
Ұлттық деңгейдегі рекорд: былтыр Қазақстанда 170 мыңға жуық автомобиль шығарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда. 15.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-15T14:54+0500
2026-09-15T14:54+0500
2026-09-15T14:55+0500
президент
автокөлік
зауыт
https://sputnik.kz/img/967/01/9670110_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a82c3dafb1b421c857a720b252c1431f.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы екіжақты тауар айналымы 3 миллиард доллардан асқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, үкіметтер мен компаниялар күш-жігер біріктірсе, бұл көрсеткішті еселей түсуге болады.Президент құрылыс, қала дамуы және минералды ресурстарды ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты ретінде атады.Мемлекет басшысы ортақ күн тәртібіндегі көлік және логистика саласының өзектілігіне назар аударды. Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасын жалғап жатқан Қазақстан заманауи әрі тиімді көлік-логистика желісін қалыптастыру арқылы осы географиялық артықшылықтың игілігін көруді көздейді."Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін, жылдамдығы мен сенімділігін арттыру үшін теміржол, автомобиль жолдарына, теңіз порттарына, терминалдар мен жалпы инфрақұрылымға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Орта дәліздің дамуына Кореяның да үлес қосар кезі келді деп ойлаймын. Қазақстан елімізде заманауи логистикалық орталықтарды, мультимодальді терминалдар, қойма кешендері мен жеткізу тізбегін басқаруға арналған цифрлық шешімдерді дамытып жатқан CJ Logistics және LX Pantos секілді кореялық логистика компаниялардың қадамын құптайды", – деді президент.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.
https://sputnik.kz/20260915/prezidente-qazaqstan-men-ontustik-koreyanyn-investitsiyalyq-zhobalary-tanystyryldy-66653765.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/967/01/9670110_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_7e5c4544b559fedfbee19715ef46dc6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, автокөлік, зауыт
президент, автокөлік, зауыт
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы екіжақты тауар айналымы 3 миллиард доллардан асқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, үкіметтер мен компаниялар күш-жігер біріктірсе, бұл көрсеткішті еселей түсуге болады.
"Кореялық компаниялардың тәжірибесі Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі сенімді өндіріс алаңы екенін анық дәлелдеді. Былтыр елімізде 170 мыңға жуық автомобиль шығарылды. Бұл – ұлттық деңгейдегі рекорд. Оның басым бөлігі Hyundai және Kia компанияларына тиесілі. Елімізде аталған автобрендтердің жеңіл және жүк көліктері, автобустары құрастырылады. Бұдан бөлек, Қазақстанда кореялық тұрмыстық техника өндірісі өркендеп келеді. Қазіргі кезде Samsung тұрмыстық техникалары жергілікті зауыттарда өндіріледі. Осылайша, кореялық компаниялар елімізге көптеп келе бастады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент құрылыс, қала дамуы және минералды ресурстарды ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты ретінде атады.
Мемлекет басшысы ортақ күн тәртібіндегі көлік және логистика саласының өзектілігіне назар аударды. Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасын жалғап жатқан Қазақстан заманауи әрі тиімді көлік-логистика желісін қалыптастыру арқылы осы географиялық артықшылықтың игілігін көруді көздейді.
"Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін, жылдамдығы мен сенімділігін арттыру үшін теміржол, автомобиль жолдарына, теңіз порттарына, терминалдар мен жалпы инфрақұрылымға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Орта дәліздің дамуына Кореяның да үлес қосар кезі келді деп ойлаймын. Қазақстан елімізде заманауи логистикалық орталықтарды, мультимодальді терминалдар, қойма кешендері мен жеткізу тізбегін басқаруға арналған цифрлық шешімдерді дамытып жатқан CJ Logistics және LX Pantos секілді кореялық логистика компаниялардың қадамын құптайды", – деді президент.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.