Видео

Түркістан облысында жол ортасында қауіпті әрекет жасаған жас жігіт жазаланды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Жазылу
Полицейлер әлеуметтік желідегі жазбаны зерделеп, бейнероликтегі азаматтың жеке басын анықтады
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында жол ортасында қауіпті әрекет жасаған жас жігіт жазаланды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Түркістан облысында жас жігіттің жолдың дәл ортасында қауіпті әрекет жасап жүрген бейнеролигі әлеуметтік желіде тарады.

"Бір қарағанда қарапайым контент сияқты көрінгенімен, оның әрекеті жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген", - депйді полицейлер.

Аталған бейнеролик Сарыағаш аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің назарына іліккен. Полицейлер әлеуметтік желідегі жазбаны зерделеп, бейнероликтегі азаматтың жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданып, оның автокөлігін айыптұраққа қойды.
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2026
Қарағандыда қыз болып киінген блогер қамауға алынды
Жаңалықтар
0