Тоқаев пен Оңтүстік Корея премьері Alatau Smart City жобасымен танысты
15:50 15.09.2026 (жаңартылды: 15:55 15.09.2026)

© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
Жазылу
Бұдан бөлек, қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты,деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Іс-шарада заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін ілгерілету секілді қаланы дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды.

Тоқаев пен Оңтүстік Корея премьері Alatau Smart City жобасымен танысты
© Photo : Президенттің баспасөз қызметі
"Корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен K-Smart қалашығын құру, білім беру, R&D инфрақұрылымы, қалалық әуе қозғалысы, цифрлық модельдеу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды", - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.
Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.
