https://sputnik.kz/20260915/semeyde-oqushylar-birin-biri-pyshaqtap-tastady-66647322.html
Семейде оқушылар бірін-бірі пышақтап тастады
Семейде оқушылар бірін-бірі пышақтап тастады
Sputnik Қазақстан
Сыныптас оқушылар дос болып, тіпті күреспен де бірге айналысқан 15.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-15T11:43+0500
2026-09-15T11:43+0500
2026-09-15T11:44+0500
оқушы
семей
пышақтау
https://sputnik.kz/img/90/63/906398_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_77e29575dd54a9a960c7e9e311d332d0.jpg
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Семейдегі №52 мектептің 13 жастағы екі оқушысы бірін-бірі пышақтап тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Екеуі де бір-біріне пышақ салған, бірінің денесінде 15 пышақ жарақаты болған. Сыныптас оқушылар дос болып, тіпті күреспен де бірге айналысқан. Екеуі 9 сыныпта оқиды. Қайғылы жағдай сабақтан тыс уақытта болған.БАҚ беттерінде қан-жоса болған бала туысының көршісінің үйіне өз аяғымен барғаны жазылып жатыр. Екі оқушының бірі үйінде, екіншісі ауруханада ем алып жатыр. Оған 4 сағат ота жасалған. Үш күн жансақтау бөлімінде жатып, қазір жалпы палатаға ауыстырылған. Жағдайы тұрақты, дейді дәрігерлер.Абай облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады."10 қыркүйек күні полицияға дене жарақаттарымен екі адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түскен. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - дейді полицияда.Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою, сондай-ақ олардың заңды өкілдерін балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.Түпкілікті процестік шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады, дейді облыстық полиция департаментінде.
https://sputnik.kz/20260905/zhasospirim-anasyn-pyshaqtap-oltirip-azhesin-zharaqattady-sot-ukimi-shyqty-66408669.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/63/906398_169:0:890:541_1920x0_80_0_0_bbf5339da8edadd6a04167b9b1aed74c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, семей, пышақтау
Семейде оқушылар бірін-бірі пышақтап тастады
11:43 15.09.2026 (жаңартылды: 11:44 15.09.2026) Сыныптас оқушылар дос болып, тіпті күреспен де бірге айналысқан
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Семейдегі №52 мектептің 13 жастағы екі оқушысы бірін-бірі пышақтап тастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Екеуі де бір-біріне пышақ салған, бірінің денесінде 15 пышақ жарақаты болған. Сыныптас оқушылар дос болып, тіпті күреспен де бірге айналысқан. Екеуі 9 сыныпта оқиды. Қайғылы жағдай сабақтан тыс уақытта болған.
БАҚ беттерінде қан-жоса болған бала туысының көршісінің үйіне өз аяғымен барғаны жазылып жатыр. Екі оқушының бірі үйінде, екіншісі ауруханада ем алып жатыр. Оған 4 сағат ота жасалған. Үш күн жансақтау бөлімінде жатып, қазір жалпы палатаға ауыстырылған. Жағдайы тұрақты, дейді дәрігерлер.
"10 қыркүйекте екі пациент тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін Абай облысының медициналық мекемесіне жеткізілді. Науқастардың бірі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Тексеруден кейін екінші науқас дәрігерлердің тиісті ұсыныстарымен амбулаториялық емделуге жіберілді", - дейді Абай облысының денсаулық сақтау басқармасында.
Абай облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"10 қыркүйек күні полицияға дене жарақаттарымен екі адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түскен. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - дейді полицияда.
Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қою, сондай-ақ олардың заңды өкілдерін балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.
Түпкілікті процестік шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады, дейді облыстық полиция департаментінде.