Қазақстанда УЕФА-ның Суперкубогы өтеді

© Photo : Қазақстан футбол федерациясыАстанада УЕФА Суперкубогы өтеді
Астанада УЕФА Суперкубогы өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2026
Жазылу
УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін матч "Астана Арена" стадионында өтеді
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді. Ұйымның атқарушы комитеті осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның футбол федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін матч "Астана Арена" стадионында өтеді.
"Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды. Қазақстанда мұндай деңгейдегі матчтың өтуі – отандық спорт үшін тарихи оқиға", - делінген ресми хабарламада.
Ал "Астана Арена" стадионын қайта жаңғырту және инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту шаралары оның УЕФА-ның ірі еуропалық финалдарды өткізуге қойылатын қатаң регламенттік талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Логотип УЕФА - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
2027 жылы Астанада УЕФА конгресі өтеді
Жаңалықтар
0