https://sputnik.kz/20260915/kokshetau-turgyny-kurerge-10-mln-tengesin-ustatyp-zhibergen-66666348.html
Көкшетау тұрғыны курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген
Көкшетау тұрғыны курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген
Sputnik Қазақстан
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталды 15.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-15T20:15+0500
2026-09-15T20:15+0500
2026-09-15T20:15+0500
ақмола облысы
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e6/08/17/26951500_0:245:3067:1970_1920x0_80_0_0_dc66b136d01e15b6197e6250e2299710.jpg
АЛМАТЫ, 15 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында тұрғынынан 10 миллион теңгеден астам ақша алып кеткен курьер Астанада ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Көкшетауда 59 жастағы қала тұрғыны алаяқтарға алданып, 10 миллион теңгеден астам қаражатын курьерге ұстатып жіберген.Ер адам ақшамен жасырынғаннан кейін ғана әйел алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген. Полиция күдікті курьерді бірден анықтаған. Алғашқы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталып, полицейлер дереу елордаға барған."Полиция қызметкерлері күдіктіні төрт сағат іздеп, ұстады. Одан жәбірленушіге тиесілі қаражат табылып, тәркіленді. Курьер алынған барлық соманы аударып үлгермеген. Ол Көкшетауға барып, ақшасы бар пакетті алу туралы телефон арқылы тапсырма алғанын айтты", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Полицейлер ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екенін анықтап жатыр.
https://sputnik.kz/20250903/kurer-bolyp-kiinip-algan-astana-turgyny-tanysynyn-paterin-tonap-ketti-56797505.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/17/26951500_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_c928abfe54661a4a33e714bdbf51eeb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, алаяқ
Көкшетау тұрғыны курьерге 10 млн теңгесін ұстатып жіберген
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталды
АЛМАТЫ, 15 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында тұрғынынан 10 миллион теңгеден астам ақша алып кеткен курьер Астанада ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Көкшетауда 59 жастағы қала тұрғыны алаяқтарға алданып, 10 миллион теңгеден астам қаражатын курьерге ұстатып жіберген.
"11 қыркүйекте Көкшетау қаласының полиция басқармасына интернет-алаяқтық туралы арыз түсті. Әйел өзін күш құрылымдарының қызметкерлері етіп таныстырған белгісіздер оны үлкен ақша беруге көндіргенін айтты. Алаяқтардың нұсқауларына сүйене отырып, жәбірленуші 10 миллион теңгеден астам қаражат жинап, пакетті келген курьерге тапсырды", - дейді полиция.
Ер адам ақшамен жасырынғаннан кейін ғана әйел алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген. Полиция күдікті курьерді бірден анықтаған. Алғашқы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның Астанада тұратыны анықталып, полицейлер дереу елордаға барған.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні төрт сағат іздеп, ұстады. Одан жәбірленушіге тиесілі қаражат табылып, тәркіленді. Курьер алынған барлық соманы аударып үлгермеген. Ол Көкшетауға барып, ақшасы бар пакетті алу туралы телефон арқылы тапсырма алғанын айтты", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Полицейлер ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екенін анықтап жатыр.