https://sputnik.kz/20260915/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-15-qyrkuyek-66632003.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
15 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 15.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-15T00:01+0500
2026-09-15T00:01+0500
2026-09-15T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1144/57/11445767_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_0e2dcf18bfbe1d3325f8142b8563c9c0.jpg
Бұл күннің несімен ерекше екенін Sputnik дерекқорынан біліңіз15 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болдыИталияның ең әдемі жері – Брада (Пьемонт) Ірімшік күні тойланады. Бұл күн сүт тағамдарын, әсіресе ірімшікті жақсы көретіндер үшін нағыз жұмақ болып саналады. Ал мерекенің басты кейіпкерлері әлемге әйгілі ірі өндірушілер емес, ұсақ фермерлік қожалықтар. Фестивальге келген әр адам швейцариялық грюер, итальян моцарелласын, чеддер және тағы басқа ірімшік түрлерін татып көре алады, сонымен бірге йогурт, балмұздақ сияқты жеңсік ас жетіп артылады. Бұл мерекеге ірімшік өндірушілер Еуропаның түпкір-түпкірінен жиналады екен. Қаланың орталығына шатырлар тігіліп, шеберлік сағаттары, дегустация шаралары өтеді. Бұл күні өте көп мөлшерде ірімшік желінеді, ал ішілген итальян шарабының мөлшері одан да асып түседі.15 қыркүйек әлемде Арықтап жүрген адамдардың күні болып бекітілген. Бұл артық салмақ мәселесіне назар аударып, адам ағзасына зиянын тигізетін диеталардың салдары туралы айтатын күн. Көптеген телеарналарда семіздіктің зияны және одан арылу жолдары туралы арнайы бағдарламалар күні.Бүгін қатарынан бес ел Тәуелсіздік күнін атап өтеді – Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа және Сальвадор.Бұдан бөлек, Әзербайжанда Білім күні, Үндістанда Инженерлер күні тойланады екен.15 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1917 – "Форбс" журналының бірінші нөмірі жарық көрді;1956 – ТУ-104 ұшақтарымен тұрақты жолаушылар рейсі атқарыла бастады;1959 – "Ленин" атомдық мұзжарғышы алғаш сапарға аттанды;1971 – Green peace ұйымы құрылды.15 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1989 – КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде алғаш рет тіркелген, Қазақстан аумағында шығарылған өнімдерді кең көлемде экспорттау және кел келген елден шектеусіз тауар импорттау бойынша бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктерінің бүкіл құқықтарына ие болған "Қазақстан Коммерция" өңірлік сыртқы экономикалық қауымдастығы құрылды.1995 – Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы бойынша Ақмола еліміздің астанасы болды.15 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар1881 жылы итальян-француз ұлтынан шыққан автомобиль құрастырушы Этторе Бугатти дүниеге келді;1890 жылы ағылшын жазушысы Агата Кристи өмірге келді;1907 жылы америкалық актриса Фэй Рэй өмірге келді ("Кинг-Конг" фильміне түскен)1925 жылы кеңестік театр және кино актері Кирилл Лавров (фильмдері — "Живые и мертвые", "Укрощение огня", "Мой ласковый и нежный зверь").15 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді1934 жылы Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресінің тематикалық блок басшысы, ҚР Ұлттық инженерия академиясының академигі Альберт Болотов туған;1947 жылы Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры, шығыстанушы, әдебиеттанушы, жазушы және сыншы Әбсаттар қажы Дербісәлі туған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/57/11445767_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_4e5d8a46dea62d1f79bd43381c474232.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 қыркүйек
15 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекше екенін
Sputnik дерекқорынан біліңіз
15 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
Италияның ең әдемі жері – Брада (Пьемонт) Ірімшік күні тойланады. Бұл күн сүт тағамдарын, әсіресе ірімшікті жақсы көретіндер үшін нағыз жұмақ болып саналады. Ал мерекенің басты кейіпкерлері әлемге әйгілі ірі өндірушілер емес, ұсақ фермерлік қожалықтар. Фестивальге келген әр адам швейцариялық грюер, итальян моцарелласын, чеддер және тағы басқа ірімшік түрлерін татып көре алады, сонымен бірге йогурт, балмұздақ сияқты жеңсік ас жетіп артылады. Бұл мерекеге ірімшік өндірушілер Еуропаның түпкір-түпкірінен жиналады екен. Қаланың орталығына шатырлар тігіліп, шеберлік сағаттары, дегустация шаралары өтеді. Бұл күні өте көп мөлшерде ірімшік желінеді, ал ішілген итальян шарабының мөлшері одан да асып түседі.
15 қыркүйек әлемде Арықтап жүрген адамдардың күні болып бекітілген. Бұл артық салмақ мәселесіне назар аударып, адам ағзасына зиянын тигізетін диеталардың салдары туралы айтатын күн. Көптеген телеарналарда семіздіктің зияны және одан арылу жолдары туралы арнайы бағдарламалар күні.
Бүгін қатарынан бес ел Тәуелсіздік күнін атап өтеді – Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа және Сальвадор.
Бұдан бөлек, Әзербайжанда Білім күні, Үндістанда Инженерлер күні тойланады екен.
15 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1917 – "Форбс" журналының бірінші нөмірі жарық көрді;
1956 – ТУ-104 ұшақтарымен тұрақты жолаушылар рейсі атқарыла бастады;
1959 – "Ленин" атомдық мұзжарғышы алғаш сапарға аттанды;
1971 – Green peace ұйымы құрылды.
15 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1989 – КСРО сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде алғаш рет тіркелген, Қазақстан аумағында шығарылған өнімдерді кең көлемде экспорттау және кел келген елден шектеусіз тауар импорттау бойынша бүкілодақтық сыртқы сауда бірлестіктерінің бүкіл құқықтарына ие болған "Қазақстан Коммерция" өңірлік сыртқы экономикалық қауымдастығы құрылды.
1995 – Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы бойынша Ақмола еліміздің астанасы болды.
15 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
1881 жылы итальян-француз ұлтынан шыққан автомобиль құрастырушы Этторе Бугатти дүниеге келді;
1890 жылы ағылшын жазушысы Агата Кристи өмірге келді;
1907 жылы америкалық актриса Фэй Рэй өмірге келді ("Кинг-Конг" фильміне түскен)
1925 жылы кеңестік театр және кино актері Кирилл Лавров (фильмдері — "Живые и мертвые", "Укрощение огня", "Мой ласковый и нежный зверь").
15 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді
1934 жылы Дүниежүзілік инженерлер мен ғалымдар конгресінің тематикалық блок басшысы, ҚР Ұлттық инженерия академиясының академигі Альберт Болотов туған;
1947 жылы Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры, шығыстанушы, әдебиеттанушы, жазушы және сыншы Әбсаттар қажы Дербісәлі туған.