Жазда қазақстандықтар тас жолдардағы қай бағытта көп жүрді

© Sputnik / Тимур БатыршинАқылы жол
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Сұраныс жоғары он учаскенің өзінде 18,2 млн-нан астам көлік жүріп өткен
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Жазда қазақстандықтар ақылы жолдар арқылы 25,8 млн сапар жасаған, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 28 ақылы учаскесінде 25 818 167 көлік жүріп өту дерегі тіркелді. Жаздың үш айында тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік жүріп өткен.
"Жаз мезгіліндегі ең қарқынды бағыт "Алматы – Қонаев" учаскесі болды. Мұнда үш айда 4,3 миллионнан астам көлік жүріп өткен. Екінші орында – "Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы бағыты": 2,68 млн. Үшінші орында "Шымкент – Тараз" учаскесі тұр. Бұл бағытта 1,87 млн көлік жүріп өту дерегі тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар "Тараз – Қайнар", "Астана – Теміртау", "Астана – Щучинск", "Шымкент – Қызылорда" және "Қонаев – Талдықорған" бағыттарында да көлік қозғалысының жоғары қарқындылығы байқалды. Сұраныс жоғары он учаскенің өзінде 18,2 млн-нан астам көлік жүріп өткен. Бұл ақылы жолдар желісіндегі жазғы трафиктің шамамен 71%-ын құрайды.
Автокөлік сапарларының географиясы еліміздің ірі қалаларын байланыстыратын бағыттармен қатар, танымал туристік және демалыс аймақтарына апаратын жолдарға да сұраныс жоғары екенін көрсетеді. Олар:
Алматы – Қонаев;
Астана – Щучинск;
Щучинск – Көкшетау;
Қарағанды – Балқаш;
Қызылорда – Арал;
Үшарал – Достық.
"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, жазғы трафик көрсеткіштері автокөліктің Қазақстан ішінде қатынаудың негізгі құралдарының бірі болып отырғанын көрсетеді.
Ақылы жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Қазақстанда 11 шілдеде жаңа ақылы жол пайда болады
Жаңалықтар
0