Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады
Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
️Президент екі мемлекет арасында терең саяси диалог орнап, сан қырлы ынтымақтастық нығайғанын атап өтті
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Сеулде Корея республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі "Достық" ордені салтанатты түрде табысталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мән-маңызы ерекше рәсімге жиналған қауымға ілтипат білдіріп, қазақ пен корей ежелден достас халықтар екеніне назар аударды.
"Екі елдің арасы алшақ болғанымен, бізді өзара құрмет пен ортақ мүдде жақындастарды. Корея экономикасы айналасындағы бәсекелестік пен сын-қатерлерге қарамастан ойдағыдай дамуда. Бұл – халықтың еңбекқорлығы мен ірі кәсіпкерлердің арқасы. Корея Республикасы – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Осыдан бес жыл бұрын Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы мәлімдеме қабылдаған едік, – деді Тоқаев.
© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Кореяның бірқатар азаматын ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын ІІ дәрежелі Достық орденімен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
️Президент екі мемлекет арасында терең саяси диалог орнап, сан қырлы ынтымақтастық нығайғанын атап өтті. Айтуынша, сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатыр.
Тоқаев Кореямен байланысты күшейтуде еліміздегі корей ұлтының өкілдері ерекше рөл атқаратынын айтты. Президенттің пайымдауынша, қос халықтың достығын бекемдеу ортақ мүддеге сай келеді.
"Бүгін қазақ-корей қарым-қатынасы үшін маңызды күн деп санаймын. Мен осы сапарымның аясында Корея республикасының бірқатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – қазақ жұртының өздеріңізге деген шынайы құрметі, риясыз көңілінің белгісі", - деді Тоқаев.
Президент алдағы уақытта да екі ел арасындағы байланысты нығайтуға сүбелі үлес қоса беретіндеріне сенім білдірді.
Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Жаңалықтар
0