Азия ойындары: Қазақстан баскетболшылары елге қайтады

CC0 / PDPics / Баскетбол
Баскетбол - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Қазақстан құрамасы барлық үш ойында жеңіліп, плей-оффқа өте алмады
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан баскетболшылары Азия ойындарының топтық кезеңінен шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Азиада әлі ресми түрде ашылмаса да, баскетболдан топтық бәсекелер басталып кеткен болатын. Бүгінде плей-оффқа шыққан барлық команда анықталды. Қазақстан құрамасы үйге қайтады.
Қазақстандық баскетболшылар С тобында Қытай, Филиппин мен Бахрейнмен кездескен. Қытай құрамасынан 61:99 есебімен ұтылса, филиппиндіктерге 78:109 есебімен жол берді. Ал шешуші ойында Бахрейнге (78:101) есе жіберді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы барлық үш ойында жеңіліп, плей-оффқа өте алмады.
Айта кетері, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы "Nagoya City Mizuho Park Athletic" стадионында өтеді. Ал жарыстар Аичи префектурасында қатар ұйымдастырылады.
Көкпар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы көкпардан күміс жүлде иеленді
Жаңалықтар
0