Видео

Астанада қыз баланың үстіне құрылыстың қоршауы құлады

© Photo : Sergek GroupАстанада қыз баланың үстіне құрылыстың қоршауы құлады
Астанада қыз баланың үстіне құрылыстың қоршауы құлады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Оқиға "Ою" тұрғын үй кешенінің құрылыс аумағында болған

АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Астананың Нұра ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің қаңылтыр қоршауы қыз баланың үстіне құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сол жерде балаға медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал құрылыс учаскесінің бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұра ауданының әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға "Ою" тұрғын үй кешенінің құрылыс аумағында болған. Нысанды "Цесинстрой" ЖШС салып жатыр. Қаңылтыр қоршау қатты желдің салдарынан құлаған. Құрылысшылар оны өткен жылдың күзінде орнатқан.
"Орнату барысында "Фемида" тұрғын үй кешенінің кабельдік желілерінің орналасуын ескере отырып, тұрғындардың ұсынысы бойынша қоршаулар басқа учаскеге ауыстырылған. "Нұра" ауданы әкімінің аппараты құрылыс салушыға қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында қоршауларды нығайту қажеттігін түсіндірді", - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, құрылыс компаниясы 20 қыркүйекке дейін аталған учаскеде фреза материалын төсеуге міндетті.
Астанада үйдің сыртқы қаптамасы мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Астанада тұрғын үй қасбеті мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті
Жаңалықтар
0