АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық ұланның Көкшетаудағы әскери бөлімінде тамақтың құнарлығын көрсететін электронды жүйе іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."E-Qamqorlyq" жүйесі аясында азық-түлікті сатып алу, сақтау, санитариялық талаптар мен рұқсат нормаларын бақылайды. Атап айтқанда, Q-Store қоймадағы азық-түліктің есебін жүргізіп, олардың жарамдылық мерзімін бақылайды.Q-HACCP температура, ылғалдылық және санитариялық талаптардың сақталуын қадағаласа, Q-Staff қызметкерлердің жұмыс уақытын және медициналық рұқсаттарын бақылауға мүмкіндік береді. FoodPos құрылғысы әскери қызметшінің ыдысындағы тағамдарды танып, олардың көлемін анықтайды. Ал жасанды интеллект тамақтың құнарлығын көрсетіп отырады.Жаңа жүйе әзірше сынақтап өтіп жатыр. Оның тиімділігі дәлелденген жағдайда бұл тәжірибені басқа да әскери бөлімдерде қолдану жоспарланып отыр.
FoodPos құрылғысы әскери қызметшінің ыдысындағы тағамдарды танып, олардың көлемін анықтайды
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық ұланның Көкшетаудағы әскери бөлімінде тамақтың құнарлығын көрсететін электронды жүйе іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әскерде жасанды интеллект тамақтың құнарлылығын көрсетуге кірісті
"E-Qamqorlyq" жүйесі аясында азық-түлікті сатып алу, сақтау, санитариялық талаптар мен рұқсат нормаларын бақылайды. Атап айтқанда, Q-Store қоймадағы азық-түліктің есебін жүргізіп, олардың жарамдылық мерзімін бақылайды.
Q-HACCP температура, ылғалдылық және санитариялық талаптардың сақталуын қадағаласа, Q-Staff қызметкерлердің жұмыс уақытын және медициналық рұқсаттарын бақылауға мүмкіндік береді. FoodPos құрылғысы әскери қызметшінің ыдысындағы тағамдарды танып, олардың көлемін анықтайды. Ал жасанды интеллект тамақтың құнарлығын көрсетіп отырады.
"Әскери бөлімінің әскери қызметшілері енді таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас кезінде қанша мөлшерде ақуыз, май және көмірсу тұтынғанын да біле алады. Сонымен қатар әр тағамға баға беруге мүмкіндік бар. Бұл мәліметтер цифрлық талдауға енгізіліп, әскери қызметшілердің тағамға қатысты қалауын ескеруге және қажет болған жағдайда ас мәзірін түзетуге мүмкіндік береді", - делінген ресми хабарламада.
Жаңа жүйе әзірше сынақтап өтіп жатыр. Оның тиімділігі дәлелденген жағдайда бұл тәжірибені басқа да әскери бөлімдерде қолдану жоспарланып отыр.