https://sputnik.kz/20260913/toqaev-efiopiya-premer-ministri-abiy-akhmedpen-kezdesti--66593017.html
Тоқаев Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Тоқаев Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қыркүйек-Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Абий Ахмедпен кездесті. Кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын, атап... 13.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-13T12:52+0500
2026-09-13T12:52+0500
2026-09-13T12:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
кездесу
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0d/66593118_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_e0a777164f0ce6eaa9c89c1eef1f178e.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек-Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Абий Ахмедпен кездесті. Кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын, атап айтқанда, саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты жандандыру мәселелерін талқылады.Мемлекет басшысының пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту арқылы іскерлік серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар. Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірінің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетімен танысу, Қазақстанда Эфиопиядан шай, кофе, сондай-ақ гүл өнімдерін жеткізуге арналған хаб құру перспективасын зерделеу үшін екі елдің делегацияларын жіберуге уағдаласты.Абий Ахмед Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды."Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің институционалдық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орайда, Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз, – деді Эфиопия Үкіметінің басшысы.Кездесу соңында мемлекет басшысы Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
https://sputnik.kz/20260912/toqaev--briks-xviii-sammitine-qatysu-ushin-nyu-delige-bardy-66587858.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0d/66593118_114:0:1234:840_1920x0_80_0_0_f0fecabfe3fb932faa5d9b8fbd9069c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, кездесу
қасым-жомарт тоқаев, кездесу
Тоқаев Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
12:52 13.09.2026 (жаңартылды: 12:57 13.09.2026) АСТАНА, 13 қыркүйек-Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Абий Ахмедпен кездесті. Кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын, атап айтқанда, саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты жандандыру мәселелерін талқылады.
"Сіздің еліңізге зор құрметпен қараймыз. Аддис-Абебадағы тұрақты түрде қызмет ететін елшілігіміз Қазақстанның Африка құрлығындағы алғашқы дипломатиялық өкілдіктерінің бірі болды. Бұдан бөлек, Қазақстан Африка Одағында байқаушы ел ретінде танылған. Сондықтан біздің Африкаға деген қызығушылығымыз айқын әрі орнықты сипатқа ие", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту арқылы іскерлік серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар.
Әңгімелесу барысында тараптар бір-бірінің сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетімен танысу, Қазақстанда Эфиопиядан шай, кофе, сондай-ақ гүл өнімдерін жеткізуге арналған хаб құру перспективасын зерделеу үшін екі елдің делегацияларын жіберуге уағдаласты.
Абий Ахмед Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды.
"Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің институционалдық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орайда, Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз, – деді Эфиопия Үкіметінің басшысы.
Кездесу соңында мемлекет басшысы Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.