Қызмет талабын бұзған: Астанада екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Жазылу
Полиция департаменті түсініктеме берді
АСТАНА, 13 қыркүйек-Sputnik. Астана қаласының полиция департаменті туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді.

Айтуларынша, елордадағы туристік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында әдеп нормалары мен полиция қызметкерінің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзған.
© Photo : Астана қаласының полиция департаментіАстанада екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды
Астанада екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Астанада екі полиция қызметкері жұмыстан қуылды
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті", - деп жазды қалалық полиция департаменті.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылған.
Полиция формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Атырауда полиция басшылары жұмыстан қуылды
Жаңалықтар
0