https://sputnik.kz/20260913/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-13-qyrkuyek-66588898.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
Бұл – Григориан күнтізбесінде 256-шы күн. Жылдың соңына дейін 109 күн бар 13.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-13T00:01+0500
2026-09-13T00:01+0500
2026-09-13T00:01+0500
дерекқор
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
атаулы даталар
тарихи оқиғалар
күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1144/58/11445836_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_6ac6b3f5e3519e0b0138d1d076b9c2a7.jpg
13 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.13 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Бұл мерекені белгілеу идеясы 2009 жылы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық ахуалды зерттеумен айналысатын еліміздің Ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін белгілеу туралы бастама көтерген кезде туды. Отбасы күні мерекесі 2013 жылы белгіленді, оны тойлау күні қыркүйектің әр екінші жексенбісіне белгіленді.Сондай-ақ, бүгін Шарлотка (кептірілген алма мен нан қосып пісірілген тәтті тағам) және күзгі бәліш күні. Егер сіздің асханаңыздан тәтті тағамның иісі шығып жатса, демек бүгінгі күннің рәсімін дұрыс орындадыңыз.Тағы бір кәсіби мерекені бағдарламашылар атап өтеді. Бұл мерекенің датасы кібісе жылы (366 күнді жыл) келгенде өзгеріп отырады. Яғни, Бағдарламашылар күні 12 немесе 13 қыркүйекте тойланады. Оны мерекелеу күні кездейсоқ таңдалып алынбаған – бұл жылдың 256-шы күні. Байт ақпаратты сақтау бірлігі ретінде 256 кодтың немесе мәннің бірін білдіруі мүмкін.Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік тырналар күні. Тырналардың шамамен 15 түрі бар. Кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген. Тырналар күні алғаш рет 2002 жылы Америка Құрама Штаттарында аталып өтті. Тырналардың тарихи отаны Солтүстік Америка болып саналды. Кейін олар Азияға, Австралия мен Америкаға таралды. Бүгінгі таңда тырналарды көбейту жұмыстары Антарктида мен Оңтүстік Америкадан бөлек аймақтардың бәрінде жүріп жатыр. Олар шамамен осы күні жылы жаққа ұшып кететіндіктен, мереке болып белгіленген.13 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:1736 жылы Челябинск қаласының негізі қаланды;1902 жылы Ұлыбританияда қылмыс орнынан алынған саусақ іздері алғаш рет айыпталушының кінәсін дәлелдеуге айғақ ретінде қолданылды;1929 жылы ағылшынның бактериолог ғалымы Александр Флеминг өзінің жаңалығы – пенициллинді таныстырды;1999 жылы Мәскеуде Кашир тас жолында тұрғын үй жарылды.13 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:2006 жылы Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде басылған "Пушкин және Орал өңірі" кітабы таныстырылды. Кітаптың авторы – оралдық белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Николай Шербанов;2007 жылы Астанадағы №50 мектеп-лицейге жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр, қолбасшы Райымбек батырдың есімі берілді.2012 жылы Корея Республикасының президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мен Бак қуаты 1320 МВт-тық Балқаш Жылу электр стансасының 1-ші модулінің құрылысын бастау рәсімінде болды.2024 жылы Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 114 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.13 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:1898 жылы кеңестік театр және кино актері, КСРО халық әртісі Марк Прудкин дүниеге келді (фильмдері: "Анна Каренина", "Ағайынды Карамазовтар");1923 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған (қайтыс болғаннан кейін) алғашқы әйел – Зоя Космодемьянская дүниеге келді;1951 жылы ресейлік музыкант, автор-орындаушы Александр Розенбаум дүниеге келді. "Бізге келіңіздер", "Гоп-стоп!" және тағы басқа әндері бар.13 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:1935 жылы жазушы, журналист Рамазан Тоқтаров дүниеге келді;1938 жылы Қазақ КСР классикалық би мемлекеттік ансамблінің (1967 жылы – "Алматының жас балеті", 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры) негізін қалаушы және басшысы болған Болат Аюханов дүниеге келді;1947 жылы продюсер, деректі фильмдерді қоюшы оператор Әубәкір Сүлеев дүниеге келді;1947 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының академигі Рахман Алшанов дүниеге келді.
https://sputnik.kz/20260912/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-12-qyrkuyek-66566109.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/58/11445836_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_b08d70db65808630f63177ef4f216e66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, атаулы даталар, тарихи оқиғалар, күнтізбе
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, атаулы даталар, тарихи оқиғалар, күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 қыркүйек
Бұл – Григориан күнтізбесінде 256-шы күн. Жылдың соңына дейін 109 күн бар
13 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
13 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Елімізде қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Бұл мерекені белгілеу идеясы 2009 жылы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық ахуалды зерттеумен айналысатын еліміздің Ұлттық комиссиясы Қазақстанда Отбасы күнін белгілеу туралы бастама көтерген кезде туды. Отбасы күні мерекесі 2013 жылы белгіленді, оны тойлау күні қыркүйектің әр екінші жексенбісіне белгіленді.
Сондай-ақ, бүгін Шарлотка (кептірілген алма мен нан қосып пісірілген тәтті тағам) және күзгі бәліш күні. Егер сіздің асханаңыздан тәтті тағамның иісі шығып жатса, демек бүгінгі күннің рәсімін дұрыс орындадыңыз.
Тағы бір кәсіби мерекені бағдарламашылар атап өтеді. Бұл мерекенің датасы кібісе жылы (366 күнді жыл) келгенде өзгеріп отырады. Яғни, Бағдарламашылар күні 12 немесе 13 қыркүйекте тойланады. Оны мерекелеу күні кездейсоқ таңдалып алынбаған – бұл жылдың 256-шы күні. Байт ақпаратты сақтау бірлігі ретінде 256 кодтың немесе мәннің бірін білдіруі мүмкін.
Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік тырналар күні. Тырналардың шамамен 15 түрі бар. Кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген. Тырналар күні алғаш рет 2002 жылы Америка Құрама Штаттарында аталып өтті. Тырналардың тарихи отаны Солтүстік Америка болып саналды. Кейін олар Азияға, Австралия мен Америкаға таралды. Бүгінгі таңда тырналарды көбейту жұмыстары Антарктида мен Оңтүстік Америкадан бөлек аймақтардың бәрінде жүріп жатыр. Олар шамамен осы күні жылы жаққа ұшып кететіндіктен, мереке болып белгіленген.
13 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:
1736 жылы Челябинск қаласының негізі қаланды;
1902 жылы Ұлыбританияда қылмыс орнынан алынған саусақ іздері алғаш рет айыпталушының кінәсін дәлелдеуге айғақ ретінде қолданылды;
1929 жылы ағылшынның бактериолог ғалымы Александр Флеминг өзінің жаңалығы – пенициллинді таныстырды;
1999 жылы Мәскеуде Кашир тас жолында тұрғын үй жарылды.
13 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
2006 жылы Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде басылған "Пушкин және Орал өңірі" кітабы таныстырылды. Кітаптың авторы – оралдық белгілі әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Николай Шербанов;
2007 жылы Астанадағы №50 мектеп-лицейге жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр, қолбасшы Райымбек батырдың есімі берілді.
2012 жылы Корея Республикасының президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мен Бак қуаты 1320 МВт-тық Балқаш Жылу электр стансасының 1-ші модулінің құрылысын бастау рәсімінде болды.
2024 жылы Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 114 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.
13 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:
1898 жылы кеңестік театр және кино актері, КСРО халық әртісі Марк Прудкин дүниеге келді (фильмдері: "Анна Каренина", "Ағайынды Карамазовтар");
1923 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған (қайтыс болғаннан кейін) алғашқы әйел – Зоя Космодемьянская дүниеге келді;
1951 жылы ресейлік музыкант, автор-орындаушы Александр Розенбаум дүниеге келді. "Бізге келіңіздер", "Гоп-стоп!" және тағы басқа әндері бар.
13 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:
1935 жылы жазушы, журналист Рамазан Тоқтаров дүниеге келді;
1938 жылы Қазақ КСР классикалық би мемлекеттік ансамблінің (1967 жылы – "Алматының жас балеті", 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры) негізін қалаушы және басшысы болған Болат Аюханов дүниеге келді;
1947 жылы продюсер, деректі фильмдерді қоюшы оператор Әубәкір Сүлеев дүниеге келді;
1947 жылы экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академиясының академигі Рахман Алшанов дүниеге келді.