Солтүстік Қазақстанда жас жігіттің қолы ет тартқышқа шайналып қалған

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМедицинские инструменты, архивное фото
Медицинские инструменты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
Жазылу
Ер адам ауруханада барлығы 16 күн болды
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 21 жастағы ер адам оң қолынан ауыр жарақат алып, Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ер адам ауруханаға түскен кезде қолының еттартқышқа түсіп кеткенін айтқан. Аурухана мәліметінше, оның жағдайы ауыр болған.
"Жарақат салдарынан саусақтарының бір бөлігі травматикалық жолмен ампутацияланған. Сондайй-ақ, қол сүйектері, сіңірлері мен жұмсақ тіндері зақымданған. Пациент шұғыл түрде травматология бөлімшесіне жатқызылды. Хирургия бригадасының алдында әлі де сақтап қалуға болатын тіндердің барлығын аман алып қалу және қолдың қызметін барынша қалпына келтіру сияқты күрделі міндет тұрды", – деп хабарлады ауруханадағылар.
Ота барысында дәрігерлер зақымданған сүйектерді металл конструкциялар арқылы бекітіп, жараларға хирургиялық өңдеу жүргізді және зақымданған сіңірлерді қалпына келтірді. Жарақаттың күрделі екеніне қарамастан, мамандар саусақтардың қалған бөліктерін сақтап, қолдың қызметін одан әрі қалпына келтіруге мүмкіндік жасады.
Хирургиялық емнен кейін пациент стационарда қалпына келуді жалғастырды. Ер адам ауруханада барлығы 16 күн болды.
Дәрігерлер еттартқыш және басқа да механизмдермен жұмыс істегенде барынша сақ болу керегін ескертеді.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2023
Шымкентте 4 жасар баланың қолы еттартқышқа қыстырылып қалды - видео
Жаңалықтар
0