Путин БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді ұсынды

© POOL / Медиабанкке өтуВизит президента Владимира Путина в Индию
Визит президента Владимира Путина в Индию - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
Жазылу
БРИКС-тің 18-саммиті 12-13 қыркүйек күндері Нью-Делидегі "Бхарат Мандапам" кешенінде өтіп жатыр
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын жаһандық Оңтүстік елдері есебінен кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей көшбасшысы жұма күні Үндістанға үш күндік жұмыс сапарымен барды. Ол БРИКС саммитіне қатысып жатыр.
"БРИКС-тегі пікірлес елдермен бірге БҰҰ қызметінің тиімділігін арттыруға одан әрі ықпал ету қажет деп санаймыз. Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, онда Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің өкілдігін арттыру маңызды қадам болар еді", – деді Путин БРИКС саммитіндегі отырыста.
БРИКС саммитінде тағы қандай мәселелер талқыланды:
БРИКС елдері өзара ынтымақтастықты барлық негізгі бағыттар бойынша нығайтуды жалғастырып келеді;
БРИКС серіктестігі теңдік пен тату көршілік қағидаттарына негізделген;
Ресей президенті Владимир Путин бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне көбірек елді тартуға шақырды.
БРИКС – 2006 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия құрған мемлекетаралық бірлестік. 2011 жылы оған Оңтүстік Африка Республикасы қосылды. 2024 жылдың басынан бастап БРИКС құрамына тағы бірқатар ел енді. 2026 жылы БРИКС-ке Үндістан төрағалық етеді
Жаңалықтар
0