https://sputnik.kz/20260912/bugin--qazaq-kinosynyn-kuni-66573106.html
Бүгін – қазақ киносының күні
Бүгін – қазақ киносының күні
Sputnik Қазақстан
Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді 12.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-12T12:19+0500
2026-09-12T12:19+0500
2026-09-12T12:43+0500
кино
мереке
https://sputnik.kz/img/928/86/9288642_0:335:2331:1646_1920x0_80_0_0_3d042a9ced5b6bb2b16895c43106f3ea.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Бүгін елімізде қазақ киносы күні аталып өтіп жатыр. Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.1941 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен Алматы киностудиясы құрылған еді. 1960 жылы киностудия атауы "Қазақфильм" болып өзгертілсе, 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілген.Қазақ киносы күнін атап өтуді 2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков ұсынды. Содан бері 12 қыркүйекте "Қазақ киносының күні" жыл сайын аталып өтеді.Қазақ киносы күніне орай мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев отандық кино саласының дамуы мен алдағы міндеттерге тоқталдыМинистрдің айтуынша, соңғы жылдары кино саласын мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдіріліп, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының әлеуетін арттыруға басымдық берілуде. Сондай-ақ "Қазақфильм" мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын біріктіру жоспарланған.Отандық кино өндірісінің көлемі де өсіп келеді. 2024 жылы 94 фильм түсірілсе, 2025 жылы 103 қазақстандық туынды прокатқа шыққан.Сонымен қатар қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.Биыл көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толады. Мерейтой ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген.Министр қазақ киносына жаңа есімдер мен тың идеялар, көрермен жүрегінен орын алатын және Қазақстанды халықаралық аренада танытатын сапалы туындылар қажет екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20260821/almatyda-kinematografiya-tarikhy-men-kino-qayratkerlerine-arnalgan-sayabaq-ashylady-65927751.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/928/86/9288642_0:116:2331:1864_1920x0_80_0_0_a7d60868ba398e9a1885c4e445490132.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино, мереке
Бүгін – қазақ киносының күні
12:19 12.09.2026 (жаңартылды: 12:43 12.09.2026) Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Бүгін елімізде қазақ киносы күні аталып өтіп жатыр. Бұл мереке 2005 жылдан бері тойланып келеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
1941 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің қаулысымен Алматы киностудиясы құрылған еді. 1960 жылы киностудия атауы "Қазақфильм" болып өзгертілсе, 1984 жылы оған қазақ кинематографиясының кемеңгер қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілген.
Қазақ киносы күнін атап өтуді 2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков ұсынды. Содан бері 12 қыркүйекте "Қазақ киносының күні" жыл сайын аталып өтеді.
Қазақ киносы күніне орай мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев отандық кино саласының дамуы мен алдағы міндеттерге тоқталды
Министрдің айтуынша, соңғы жылдары кино саласын мемлекеттік қолдау тетіктері жетілдіріліп, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының әлеуетін арттыруға басымдық берілуде. Сондай-ақ "Қазақфильм" мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын біріктіру жоспарланған.
Отандық кино өндірісінің көлемі де өсіп келеді. 2024 жылы 94 фильм түсірілсе, 2025 жылы 103 қазақстандық туынды прокатқа шыққан.
Сонымен қатар қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Биыл көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл толады. Мерейтой ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген.
Министр қазақ киносына жаңа есімдер мен тың идеялар, көрермен жүрегінен орын алатын және Қазақстанды халықаралық аренада танытатын сапалы туындылар қажет екенін атап өтті.