БРИКС саммитіне қатысушылар Израильді Ливаннан әскерін шығаруға шақырды
17:21 12.09.2026 (жаңартылды: 17:22 12.09.2026)
Жазылу
БРИКС-тің 18-саммиті 12-13 қыркүйек күндері Нью-Делидегі "Бхарат Мандапам" кешенінде өтіп жатыр
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. БРИКС саммитіне қатысушылар Ливанның егемендігін бұзуды айыптап, Израильді Ливанның оккупацияланған аумақтарынан әскерін шығаруға шақырды. Бұл туралы саммит декларациясында айтылған.
"Біз Ливандағы атысты тоқтатуды құптаймыз және барлық тарапты оның шарттарын қатаң сақтап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1701-қарарын толық орындауға шақырамыз. Атысты тоқтату режимінің, сондай-ақ Ливанның егемендігі мен аумақтық тұтастығының әлі де бұзылып отырғанын айыптаймыз. Израильді Ливан үкіметімен келісілген шарттарды сақтауға және әлі де өз бақылауында тұрған Ливан аумақтарынан оккупациялық күштерін шығаруға шақырамыз", – делінген құжатта.
Декларацияда тағы не айтылған:
БРИКС елдерінің көшбасшылары ғарыш технологияларын бейбіт мақсатта пайдалануды қолдады
БРИКС елдерінің көшбасшылары Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын растады
БРИКС көшбасшылары МАГАТЭ-нің толық кепілдігімен жұмыс істеп тұрған бейбіт ядролық нысандарға қасақана жасалған шабуылдарға алаңдаушылық білдірді.
БРИКС елдері ядролық қауіп пен қақтығысқа байланысты тәуекелдердің артып келе жатқанына алаңдаулы.
БРИКС саммитіне қатысушылар Ливанның егемендігін бұзуды айыптап, Израильді Ливанның оккупацияланған аумақтарынан әскерін шығаруға шақырды. Бұл туралы саммит декларациясында айтылған.
БРИКС елдерінің көшбасшылары терроризмнің барлық түрі мен көріністеріне қарсы күреске бейілді екенін растады.
БРИКС – 2006 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия құрған мемлекетаралық бірлестік. 2011 жылы оған Оңтүстік Африка Республикасы қосылды. 2024 жылдың басынан бастап БРИКС құрамына тағы бірқатар ел енді. 2026 жылы БРИКС-ке Үндістан төрағалық етеді. БРИКС-тің 18-саммиті 12-13 қыркүйек күндері Нью-Делидегі "Бхарат Мандапам" кешенінде өтіп жатыр

