Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түрмеде бақылау күшейтіледі

© AP Photo Суд по делу Бишимбаева
Суд по делу Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
Жазылу
Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекемеде қадағалау органы заманауи бейнедомофонды бақылау жүйесін енгізді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Степногорск қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінді. Оның ішінде Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекеме де бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бас прокуратураның мәліметінше, бөлінген қаражат қаладағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.
Мәселен Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекемеде қадағалау органы заманауи бейнедомофонды бақылау жүйесін енгізді.
Егер сотталған адамға сыртқа шығу қажет болса, ол шақыру түймесін басады. Кезекші бөлімнің қызметкері бейнебайланыс арқылы оны сәйкестендіріп, шығу мақсатын нақтылайды. Тек растаудан кейін ғана есік ашылады, ал адам өткен соң есік автоматты түрде жабылады.
"Бұл жүйе сотталғандардың бақылаусыз жүруіне жол бермеуге, өткізу режимін күшейтуге және қызметкерлер мен нысанның қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады бас прокуратура өкілдері.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Экс-министр Қуандық Бишімбаев Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ҚАЖД №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Нүкеновтер отбасының қорғаушысы болған Жанна ОразбақовағаҚылмыстық атқару жүйесі комитетінен берілген жауапта айтылған.
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2024
Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жүргені белгілі болды
Жаңалықтар
0