Атырау облысында 100 әже бір мезетте бесік жырын орындады

© Атырау облысы әкімдігіАтырау облысында 100 әже бір мезетте бесік жырын орындады
Атырау облысында 100 әже бір мезетте бесік жырын орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2026
Жазылу
Ақ жаулықты әжелер немерелерін бесікке бөлеп, бір мезетте бесік жырын орындады
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы Мақат ауданында Отбасы күніне орай ауданның орталық стадионында "100 әже – 100 бесік жыры" атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ерекше жиында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтап, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді сақтау баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.
"Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - бесік жырының тәрбиелік мәнін насихаттап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа жеткізу. Жүз әженің бір мезетте бесік жырын орындауы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы отбасындағы әже тәрбиесінің рөлін арттырып, салт-дәстүрімізді дәріптеуді көздейміз", - деді Әсел Қаржауова.
Жиында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен тәлім-тәрбиесін дәріптейтін көрініс ұсынылды. Сондай-ақ ақ жаулықты әжелер немерелерін бесікке бөлеп, бір мезетте бесік жырын орындады.
Іс-шараға қатысушы әжелер, бұл ұлттық құндылықтарды насихаттап, отбасы бірлігі мен әже тәрбиесінің жас ұрпақ өміріндегі маңызын көрсеткенденін жеткізді.
Ақтауда 500 домбырашы бір мезетте атақты күйлерді орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2026
Ақтауда 500 домбырашы бір мезетте атақты күйлерді орындады
Жаңалықтар
0