https://sputnik.kz/20260912/aqtobe-oblysynda-toyda-zhappay-ulanu-oqigasy-kinaliler-raqymshylyqqa-ilikti-66584157.html
Ақтөбе облысында тойда жаппай улану оқиғасы: кінәлілер рақымшылыққа ілікті
Ақтөбе облысында тойда жаппай улану оқиғасы: кінәлілер рақымшылыққа ілікті
Sputnik Қазақстан
Мейрамхана басшылығы мен жеке кәсіпкер өздеріне тағылған әрекетті жасағандарын толық мойындады 12.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-12T17:20+0500
2026-09-12T17:20+0500
2026-09-12T17:20+0500
ақтөбе облысы
улану
той
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласындағы мейрамханада адамдардың жаппай улануына кінәлілер рақымшылыққа ілікті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.Бұған дейін маусым айында Қандыағаштағы мейрамханаға барғаннан кейін 102 адам ішек инфекциясының белгілерімен Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.Осыдан кейін полиция санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабымен қылмыстық іс қозғады.Кейін мейрамханаға барғаннан соң ауруханаға түскендер саны артқаны белгілі болды. Осыған байланысты тамақтану орнының жұмысы тоқтатылды.Кейін Қандыағаштағы мейрамханада болған жаппай улану дерегі бойынша санитариялық дәрігерлердің тексеруі аяқталды. Зерттеу барысында стафилококк, ішек таяқшасы және бірқатар заңбұзушылық анықталған. Тексеру нәтижелері құқық қорғау органдарына жолданды.Бүгін жаппай улану болған мейрамхананың иесі мен басшысы рақымшылыққа іліккені белгілі болды.
https://sputnik.kz/20260623/toyda-ulangan-aqtobe-oblysynda-aurukhanaga-tuskender-sany-artty-64370866.html
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, улану, той
ақтөбе облысы, улану, той
Ақтөбе облысында тойда жаппай улану оқиғасы: кінәлілер рақымшылыққа ілікті
Мейрамхана басшылығы мен жеке кәсіпкер өздеріне тағылған әрекетті жасағандарын толық мойындады
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы Қандыағаш қаласындағы мейрамханада адамдардың жаппай улануына кінәлілер рақымшылыққа ілікті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұған дейін маусым айында Қандыағаштағы мейрамханаға барғаннан кейін 102 адам ішек инфекциясының белгілерімен Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық инфекциялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.
Осыдан кейін полиция санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабымен қылмыстық іс қозғады.
Кейін мейрамханаға барғаннан соң ауруханаға түскендер саны артқаны белгілі болды. Осыған байланысты тамақтану орнының жұмысы тоқтатылды.
Кейін Қандыағаштағы мейрамханада болған жаппай улану дерегі бойынша санитариялық дәрігерлердің тексеруі аяқталды. Зерттеу барысында стафилококк, ішек таяқшасы және бірқатар заңбұзушылық анықталған. Тексеру нәтижелері құқық қорғау органдарына жолданды.
Бүгін жаппай улану болған мейрамхананың иесі мен басшысы рақымшылыққа іліккені белгілі болды.
"Қылмыстық істі жүргізу барысында мейрамхана басшылығы мен жеке кәсіпкер өздеріне тағылған әрекетті жасағандарын толық мойындады. Сонымен қатар рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тілшімізге.