https://sputnik.kz/20260912/almatyga-60-elden-zhelayaqtar-keledi-66580703.html
Алматыға 60 елден желаяқтар келеді
Алматыға 60 елден желаяқтар келеді
Sputnik Қазақстан
Алматыда өтетін марафонға желаяқтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келеді 12.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-12T16:15+0500
2026-09-12T16:15+0500
2026-09-12T16:15+0500
марафон
алматы
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0c/66578260_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_fa70287a66ba735013db05d00baec1c3.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 27 қыркүйекте мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Сайысқа 60-тан астам елден 16 мың қатысушы қатысады, деп хабарлады қала әкімдігі.Марафонға желаяқтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келеді. Қатысушылар арасында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Окленд, Сидней, Кейптаун, Ванкувер және Торонто секілді шалғай қалалардан жолға шығатындар да бар.Биылғы марафонның арнайы қонағы – 2018 жылы Бостон марафонында жеңіске жеткен жапониялық танымал жүгіруші Юки Каваучи. Қазақстанға алғаш рет келетін спортшы Алматыда 42,2 шақырымдық марафон қашықтығын жүгіріп өтеді.Мерейтойлық жарысқа орай барлық қашықтықтың бағыттары жаңартылды. Биыл алғаш рет марафоншылар 42,2 шақырымдық қашықтықты бір айналыммен өтеді. Жарыс Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәресіне жетеді.Қазір 42,2 және 21,1 шақырымдық қашықтықтарға тіркелу жалғасып жатыр. Қатысуға ниет білдірушілер марафонның ресми сайты арқылы өтінім бере алады.
https://sputnik.kz/20250928/almatydagy-marafonga-60-elden-kelgen-zhelayaqtar-qatysty-57450593.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0c/66578260_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_376c4545097e8fc2d3ca757a64177fb1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
марафон, алматы
Алматыға 60 елден желаяқтар келеді
Алматыда өтетін марафонға желаяқтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келеді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматыда 27 қыркүйекте мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Сайысқа 60-тан астам елден 16 мың қатысушы қатысады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Марафонға желаяқтар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келеді. Қатысушылар арасында Буэнос-Айрес, Сан-Паулу, Окленд, Сидней, Кейптаун, Ванкувер және Торонто секілді шалғай қалалардан жолға шығатындар да бар.
Биылғы марафонның арнайы қонағы – 2018 жылы Бостон марафонында жеңіске жеткен жапониялық танымал жүгіруші Юки Каваучи. Қазақстанға алғаш рет келетін спортшы Алматыда 42,2 шақырымдық марафон қашықтығын жүгіріп өтеді.
Мерейтойлық жарысқа орай барлық қашықтықтың бағыттары жаңартылды. Биыл алғаш рет марафоншылар 42,2 шақырымдық қашықтықты бір айналыммен өтеді. Жарыс Абай алаңынан басталып, Республика алаңында мәресіне жетеді.
Қазір 42,2 және 21,1 шақырымдық қашықтықтарға тіркелу жалғасып жатыр. Қатысуға ниет білдірушілер марафонның ресми сайты арқылы өтінім бере алады.