Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Жұмыстан айырылғандарға әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді
Жұмыстан айырылғандарға әлеуметтік  төлем тәртібі өзгереді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Бұл тәртіп 1 қазаннан бастап күшіне енеді
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тәртібі өзгереді, деп хабарлайды еңбек министрлігі.
Бұл тәртіп 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Төлемнің мерзімі ең көбі үш ай болады. Бұл өзгеріс әлеуметтік төлем алуға құқығы биыл 1 қазаннан бастап туындайтын азаматтарға қатысты қолданылады. Пилоттық жоба бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімі азаматтың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай белгіленеді.
"Жүйеге 6 айдан 12 айға дейін қатысқан азаматқа төлем 1 ай, 12 айдан 24 айға дейін қатысқан жағдайда 2 ай, ал 24 ай және одан көп қатысқан жағдайда 3 ай төленеді", - дейді министрлік.
Сонымен қатар 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері белгіленеді. Ол төлем алу құқығы туындаған күндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 7 ең төменгі жалақының 45%-ын құрайды.
Әр азамат үшін төленетін нақты сома соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысына және оның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай есептеледі.
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2025
Жұмысынан айырылғандарға қандай көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0