Жалған рецепт, 300 трамадол: Көкшетауда зейнеткер әйел сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Сотталушы дәрілерді жеке қолдану үшін сатып алғанын айтқан
АСТАНА, 11 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында 72 жастағы әйел 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
Макинск қаласының 72 жастағы тұрғынына сот үкім шығарды. Ол аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сатып алып, оны тасымалдаған және сақтаған.
"2025 жылдың қыркүйегінде зейнеткер жалған рецепттерді қолдана отырып, Көкшетау дәріханаларының бірінен 30 пакет трамадол сатып алған. Әр қаптамада 10 дәрі болды — барлығы 300 психотроптық дәрі. Тыйым салынған препаратты сатып алғаннан кейін әйел оны тасымалдаған және сақтаған", - дейді полицияда.
Сотталушы дәрілерді жеке қолдану үшін сатып алғанын айтқан. Алайда сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған дәлелдер оның психотроптық затты заңсыз сатып алу, тасымалдау және сақтау кінәсін растады.
Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, сондай-ақ сотталушының жасын ескерді.
Бастапқыда сот әйелге 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруды тағайындады. Алайда рақымшылыққа байланысты жаза мерзімі қысқартылып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.
Новый международный терминал аэропорта Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Әуежайда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен әкелінген есірткі тәркіленді – ҰҚК
Жаңалықтар
0