Тоқаев 12-13 қыркүйек күндері Үндістанға жұмыс сапарымен барады

© Фотохост-агентство brics-russia2024.ru / Медиабанкке өтуТоқаев 12-13 қыркүйек күндері Үндістанға жұмыс сапарымен барады
Тоқаев 12-13 қыркүйек күндері Үндістанға жұмыс сапарымен барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысады
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 12-13 қыркүйек күндері премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.
Президент Нью-Делиде "Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту" тақырыбына арналған "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сапар аясында Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.
Сондай-ақ 14-16 қыркүйекте Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Кореяяға мемлекеттік сапармен барады.

"15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі", -дейді президенттің баспасөз қызметі.

16 қыркүйекте мемлекет басшысы "Орталық Азия – Корея Республикасы" бірінші саммитіне қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2025
Қазақстан әзірге БРИКС-ке мүше болуға өтінім бермейді - Тоқаев
Жаңалықтар
0