Ресейден Қазақстанға кіргізілмек болған 252 мың тауық жұмыртқасы кері қайтарылды

© Sputnik / Илья Наймушин / Медиабанкке өтуТауық жұмыртқасы
Тауық жұмыртқасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылды
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қазақстан Ресей Федерациясынан кіргізілмек болған тауық жұмыртқалары кері қайтарылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
252 мың данаветеринариялық құжаттарсыз болған.
""Жайсаң" ветеринариялық бақылау бекетінде втеринариялық бақылау қызметкерлері Ресей Федерациясынан Байқоңыр қаласына бағыт алған көлік құралын бақылау барысында тасымалданатын жүкке қажетті ветеринариялық құжаттардың жоқ екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған құқық бұзушылық бойынша тиісті акт және әкімшілік хаттама толтырылып, жұмыртқа Ресейге кері қайтарылды.
Тасымалдаушыға ветеринариялық заңнама талаптары және бақылаудағы өнімдерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу қағидалары түсіндірілді.
Қазақстанға шетелден заңсыз кіргізілмек болған 107 тонна өнім кері қайтарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Қазақстанға шетелден заңсыз кіргізілмек болған 107 тонна өнім кері қайтарылды
Жаңалықтар
0