Павлодарда 19,9 млрд теңгеге мұз кешені салынады

© Photo : Пресс-служба акима Мангистауской области Республики КазахстанПавлодарда 19,9 млрд теңгеге мұз кешені салынады
Павлодарда 19,9 млрд теңгеге мұз кешені салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Нысан 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілмек
АЛМАТЫ, 11 қыркүйек - Sputnik. Павлодар қаласында көпфункционалды Мұз спорт сарайын салу жобасына 19,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды үкімет.

Жобада Олимпиада талаптарына сай 400 метрлік конькимен жүгіру жолы, канадалық және еуропалық форматтағы екі хоккей алаңы бар. Сондай-ақ керлингке арналған жолақтар қарастырылған. Бұдан бөлек, 500 көрерменге арналған трибуна, жаттығу залы, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған бөлмелер салынады.

"Кешеннің жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Жобаны жүзеге асыру басталды, нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр", - дейді үкімет.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін қысқы спорттың бірден бес олимпиадалық түрін: конькимен жүгіру, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және керлингті дамыту жоспарланған.

Қазіргі уақытта 370 мыңнан астам тұрғыны бар Павлодар қаласында 19 хоккей корты жұмыс істейді. Оның ішінде 5-еуі жабық, сондай-ақ мұз сарайы мен мұз аренасы бар.
Ақтауда жаңа мұз сарайы ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Ақтауда халықаралық деңгейдегі мұз сарайы ашылды
Жаңалықтар
0