Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2026
Жазылу
Ақтық сында ол Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның әйелдер арасында жекелей сындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина 2026 жылғы US Open турнирінің финалына шықты.
Теннисші 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесіп, жеңіске жетті.
Ойын толық үш сетке созылып, Еленаның жеңісімен аяқталды. Спортшылар қатты жабындылы кортта 2 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді және өзіне бұйырған бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды.
Ақтық сында ол Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Айта кетері, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің көшін бастайды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Жаңалықтар
0