Жыл соңына дейін 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы смарт-бейнежетондармен жабдықталады

© Photo : Sergek GroupЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы смарт-бейнежетондармен жабдықталады, деп хабарлайды үкімет.
Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.
Атап айтқанда, полициямен шұғыл байланыс орнатуға арналған смарт-бейнежетондар мен SOS батырмалары енгізіледі.
"Жыл соңына дейін 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы мен 3,8 мыңнан астам қызметкерді бейнежетондармен қамту жоспарланып отыр. Ал телемедицина қашықтан 24-ке дейін зерттеу түрін жүргізуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар вакциналардың сақталу жағдайын бақылауға арналған "Суық тізбек" жүйесі, ауылдық жерлердегі 655 медициналық ұйым мен ҚАЖ жүйесінің 72 мекемесінде орнатылған телемедициналық кешендер қолданысқа енгізілді.
Жаңалықтар
0