Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Уиткофф пен Кушнердің Украинаға тағы да келетінін айтты

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВладимир Зеленский
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен күйеу баласы Джаред Кушнер Украинаға қайта келеді. Бұл туралы Владимир Зеленский халықаралық БАҚ өкілдерімен әңгімелесу барысында мәлімдеді.
Бұл туралы РИА новости жазды.
Италиялық Stampa газетінің хабарлауынша, Зеленский: "Стив пен Джаред қайта келеді. Ұзақ үзілістердің болмауы маңызды", — деді.
АҚШ делегациясының Киевке сапарына тоқталған Зеленский Украинаның қауіпсіздік қызметтері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болғанын, алайда америкалық тараптың пойызбен жүруді жөн көргенін атап өтті.
Ол Уиткофф пен Кушнердің Мәскеуге бірнеше рет барғанын, ал Киевке сапарының алғашқысы болғанын атап өтті.
5 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Кремльде АҚШ басшысының арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнермен кездесті. Кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың журналистерге хабарлауынша, кездесу барысында Ресей басшысы Украинадағы қақтығыстың барлық түпкі себептерін шешу қажеттігін баса айтты.
Марко Рубио  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша үшжақты келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігі бар - Рубио
Жаңалықтар
0