https://sputnik.kz/20260910/toqaev-turki-memleketteri-uyymy-memleketterinin-ishki-ister-ministrlerimen-kezdesti-66537494.html
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттерінің ішкі істер министрлерімен кездесті
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттерінің ішкі істер министрлерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық... 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T17:41+0500
2026-09-10T17:41+0500
2026-09-10T17:44+0500
президент
ішкі істер министрлігі
ақорда
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0a/66537331_0:50:1280:770_1920x0_80_0_0_7066471702f92ab4bd30daa5670b73ed.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық қорғау ведомстволары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Жиынға Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлері қатысты.Президент түркі елдерінің ынтымақтастығы жылдан жылға күшейіп келе жатқанын айтты. Ол осы тұрғыдан алғанда, Ішкі істер министрлерінің кездесуі айрықша маңызды екенін жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемде ауқымды өзгерістер болып жатқанына, дүние жүзінде сын-қатерлер көбейгеніне назар аударды.Кездесу соңында Президент туыстас мемлекеттердің басшыларына ыстық ықыласын жолдап, түбі бір түркі елдері әрдайым достық қарым-қатынаста болуға тиіс екенін атап өтті.Сондай-ақ іс-шарада Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев сөз сөйледі.
https://sputnik.kz/20260909/toqaev-tazhikstan-prezidentine-quttyqtau-zhedelkhatyn-zholdady-66476208.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/0a/66537331_95:0:1187:819_1920x0_80_0_0_085cf23ae1fe6817cfa055addacb8d4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ішкі істер министрлігі, ақорда
президент, ішкі істер министрлігі, ақорда
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекеттерінің ішкі істер министрлерімен кездесті
17:41 10.09.2026 (жаңартылды: 17:44 10.09.2026) АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық қорғау ведомстволары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Жиынға Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлері қатысты.
Президент түркі елдерінің ынтымақтастығы жылдан жылға күшейіп келе жатқанын айтты. Ол осы тұрғыдан алғанда, Ішкі істер министрлерінің кездесуі айрықша маңызды екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемде ауқымды өзгерістер болып жатқанына, дүние жүзінде сын-қатерлер көбейгеніне назар аударды.
"Жаһандық ахуал тұрақсыз, құбылмалы сипатқа ие болды. Соған қарамастан, күллі әлем елдері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Заман талабына сай өркениетті елдер қатарында боламыз десек, шапшаң әрі ширақ қимылдау қажет", - деді президент.
Кездесу соңында Президент туыстас мемлекеттердің басшыларына ыстық ықыласын жолдап, түбі бір түркі елдері әрдайым достық қарым-қатынаста болуға тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ іс-шарада Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев сөз сөйледі.