Шымкентте ер адам қарт көршісін ұрып өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековШымкентте ер адам қарт көршісін ұрып өлтірді
Шымкентте ер адам қарт көршісін ұрып өлтірді - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2026
Жазылу
Полиция қылмыстық іс қозғады
АЛМАТЫ, 10 қыркүйек - Sputnik. Шымкентте 39 жастағы ер адам қарт көршісін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Ер адам зейнеткерді кішкентай қыздың көзінше ұрып өлтірген. Желіде тараған ақпарат бойынша, жанжал әуелі үй ішінде басталған. Кейін аула сыртына шығып, екеуі сол жерде төбелескен.
Кадрдан ер адамның зейнеткерді ұрып жерге құлатқанын көруге болады. Ол құлаған қартты ұруды ары қарай жалғастырған. Жандарында тұрған кішкентай қыз ара түсіп, жанжалды тоқтатуға тырысқан. Ер адам зейнеткерді әбден ұрып-соққан соң жайбарақат үй ауласына кірген. Іштен бір түйіншек алып шығып, кетіп қалған.

Зейнеткер ес жимастан көз жұмды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Полиция ер адам денесінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Шымкент қаласының полиция департаменті.

Тергеу жүріп жатыр.
Балта - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
"Балтамен қуған": Щучинскіде ер адам екі баланың анасын ажал құштырды
Жаңалықтар
0