https://sputnik.kz/20260910/quryltay-zandardy-qalay-qabyldaydy--reglament-bekitildi-66524535.html
Құрылтай заң жобаларын қалай қабылдайды – регламент бекітілді
Құрылтай заң жобаларын қалай қабылдайды – регламент бекітілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттары жұмыс регламентін қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T10:20+0500
2026-09-10T10:20+0500
2026-09-10T10:22+0500
құрылтай
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62182199_0:31:1197:704_1920x0_80_0_0_088c89872f6ddf2d2bc39516079f6a49.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттары жұмыс регламентін қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Регламентке сәйкес, Құрылтай бюросының қаулысымен заң жобасын шығару мерзімдері айқындалады. Ал заң жобаларын қарау үш кезеңнен тұрады.Бұдан бұрын мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа регламенттің қағидалары бойынша қарауды жалғастырады. Осылайша, құқықтық сабақтастық сақталып, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшу қамтамасыз етіледі. Ал халықаралық шарттарды ратификациялау екі оқылымда қаралады.Сондай-ақ, жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі айқындалып отыр. Кеңес өкілдері оның өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы.
https://sputnik.kz/20260901/quryltay-toragasy-byuronyn-algashqy-otyrysyn-otkizdi-66269603.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1a/62182199_109:0:1088:734_1920x0_80_0_0_9d291724a24b4584dde788a86182678c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылтай, қазақстанның жаңа конституциясы
құрылтай, қазақстанның жаңа конституциясы
Құрылтай заң жобаларын қалай қабылдайды – регламент бекітілді
10:20 10.09.2026 (жаңартылды: 10:22 10.09.2026) АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай депутаттары жұмыс регламентін қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Регламентке сәйкес, Құрылтай бюросының қаулысымен заң жобасын шығару мерзімдері айқындалады. Ал заң жобаларын қарау үш кезеңнен тұрады.
"Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері, екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер, ал үшінші оқылымда Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі, құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан түпкілікті редакциясы талқыланады", - делінген регламентте.
Бұдан бұрын мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа регламенттің қағидалары бойынша қарауды жалғастырады. Осылайша, құқықтық сабақтастық сақталып, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшу қамтамасыз етіледі. Ал халықаралық шарттарды ратификациялау екі оқылымда қаралады.
Сондай-ақ, жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібі айқындалып отыр. Кеңес өкілдері оның өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы.