https://sputnik.kz/20260910/europarlament-ukrainany-qarzhylandyru-ushin-resey-aktivterin-tarkileuge-shaqyrdy-66538744.html
Еуропарламент Украинаны қаржыландыру үшін Ресей активтерін тәркілеуге шақырды
Еуропарламент Украинаны қаржыландыру үшін Ресей активтерін тәркілеуге шақырды
Sputnik Қазақстан
Депутаттар Еуропалық Комиссияны "өткен жылы келісімге кедергі келтірген мәселелерді шеше алатын" жаңа ұсыныс дайындауға шақырды 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T20:53+0500
2026-09-10T20:53+0500
2026-09-10T20:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63330767_0:204:3078:1935_1920x0_80_0_0_6ba7a8dd4abca6c28301556c4825cb6d.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Украинаны жақтайтын 120-дан астам Еуропалық Парламент депутаты Еуроодақ басшылығына қысымды күшейтіп, Украинаны қаржыландыру үшін Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу туралы талқылауларды қайта бастауға шақырып жатыр, деп хабарлайды Euractiv парламентарийлердің хатына сілтеме жасай отырып.Ресей өз активтерін бұғаттауды бірнеше рет заңсыз деп атап, активтер тәркіленген жағдайда жауапты шаралар болатынын ескертті.Депутаттар Еуропалық Комиссияны "өткен жылы келісімге кедергі келтірген мәселелерді шеше алатын" жаңа ұсыныс дайындауға шақырды.Үндеуді Еуропарламенттегі алты саяси топтың өкілдері, соның ішінде ЕО президенті Урсула фон дер Ляйен басқаратын Еуропалық халық партиясы (ЕХП), социалистер, либералдар, консерваторлар, жасылдар және солшылдар қолдады.Парламентарийлер Еуропалық Комиссияны "Украина мүддесінде Ресей активтерін кеңінен пайдалану" мүмкіндіктерін қайта қарауға шақырған Швеция, Польша, Нидерланды және Испанияның бастамасын қолдады.Жаңа үндеудің авторлары Ресей активтерін Еуроодақтың арнайы механизміне ауыстыруды ұсынады. Олардың айтуынша, бұл "әлеуетті құқықтық және қаржылық тәуекелдерді Еуроодақ елдері арасында бөлуге" мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20260827/euroodaq-elderi-reseydin-bugattalgan-aktivterin-ukrainaga-beru-maselesin-qayta-kotermek-66144436.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63330767_349:0:3078:2047_1920x0_80_0_0_6f910fb935dea0676af4512bf437e4df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуропарламент Украинаны қаржыландыру үшін Ресей активтерін тәркілеуге шақырды
Депутаттар Еуропалық Комиссияны "өткен жылы келісімге кедергі келтірген мәселелерді шеше алатын" жаңа ұсыныс дайындауға шақырды
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Украинаны жақтайтын 120-дан астам Еуропалық Парламент депутаты Еуроодақ басшылығына қысымды күшейтіп, Украинаны қаржыландыру үшін Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу туралы талқылауларды қайта бастауға шақырып жатыр, деп хабарлайды Euractiv парламентарийлердің хатына сілтеме жасай отырып.
Ресей өз активтерін бұғаттауды бірнеше рет заңсыз деп атап, активтер тәркіленген жағдайда жауапты шаралар болатынын ескертті.
"Бұғатталған активтерді пайдалану Еуропаның Украинаны ұзақ мерзімді перспективада қаржыландыру мүмкіндігін түбегейлі өзгертеді", - деді үндеудің бастамашысы, шведтік Еуропарламент депутаты Карин Карлсбро басылымға.
Депутаттар Еуропалық Комиссияны "өткен жылы келісімге кедергі келтірген мәселелерді шеше алатын" жаңа ұсыныс дайындауға шақырды.
Үндеуді Еуропарламенттегі алты саяси топтың өкілдері, соның ішінде ЕО президенті Урсула фон дер Ляйен басқаратын Еуропалық халық партиясы (ЕХП), социалистер, либералдар, консерваторлар, жасылдар және солшылдар қолдады.
Парламентарийлер Еуропалық Комиссияны "Украина мүддесінде Ресей активтерін кеңінен пайдалану" мүмкіндіктерін қайта қарауға шақырған Швеция, Польша, Нидерланды және Испанияның бастамасын қолдады.
Жаңа үндеудің авторлары Ресей активтерін Еуроодақтың арнайы механизміне ауыстыруды ұсынады. Олардың айтуынша, бұл "әлеуетті құқықтық және қаржылық тәуекелдерді Еуроодақ елдері арасында бөлуге" мүмкіндік береді.