https://sputnik.kz/20260910/euroodaq-ukrainaga-iris2-sputnikterinin-derekterine-qolzhetimdilik-berudi-zhosparlap-otyr-66538915.html
Еуроодақ Украинаға IRIS2 спутниктерінің деректеріне қолжетімділік беруді жоспарлап отыр
Еуроодақ Украинаға IRIS2 спутниктерінің деректеріне қолжетімділік беруді жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Жүздеген IRIS2 спутнигінен тұратын шоғыр әлемдегі ең жақсы қауіпсіз спутниктік байланысты қамтамасыз етеді 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T22:57+0500
2026-09-10T22:57+0500
2026-09-10T22:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63330767_0:204:3078:1935_1920x0_80_0_0_6ba7a8dd4abca6c28301556c4825cb6d.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық Одақ Украинаға болашақ IRIS2 қауіпсіз байланыс спутниктері шоғырынан алынған деректерге қол жеткізуді ұсыну бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлады ғарыш және қорғаныс жөніндегі еуропалық комиссар Андрюс Кубилюс.IRIS2 жобасы Еуроодақ үкіметтері мен компанияларына егеменді және қауіпсіз байланыс желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін төмен орбиталы спутник шоғырын құруға бағытталған.Жүйені ұлттық агенттіктер, әсіресе әскери және барлау мақсаттары үшін кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Оның жұмысы ұлттық үкіметтер арасында шифрланған деректерді беру бойынша қолданыстағы GOVSATCOM бағдарламасына негізделеді.Пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.
https://sputnik.kz/20260909/ukraina-euroodaqtyn-qoldauyna-qaramastan-zhenilip-zhatyr---eurodeputaty-66517415.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0b/63330767_349:0:3078:2047_1920x0_80_0_0_6f910fb935dea0676af4512bf437e4df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Украинаға IRIS2 спутниктерінің деректеріне қолжетімділік беруді жоспарлап отыр
Жүздеген IRIS2 спутнигінен тұратын шоғыр әлемдегі ең жақсы қауіпсіз спутниктік байланысты қамтамасыз етеді
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық Одақ Украинаға болашақ IRIS2 қауіпсіз байланыс спутниктері шоғырынан алынған деректерге қол жеткізуді ұсыну бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлады ғарыш және қорғаныс жөніндегі еуропалық комиссар Андрюс Кубилюс.
IRIS2 жобасы Еуроодақ үкіметтері мен компанияларына егеменді және қауіпсіз байланыс желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін төмен орбиталы спутник шоғырын құруға бағытталған.
"Жүздеген IRIS2 спутнигінен тұратын шоғыр әлемдегі ең жақсы қауіпсіз спутниктік байланысты қамтамасыз етеді. Бұл Еуроодақ әскери күштеріне бірыңғай жүйе аясында байланыс орнатуға және өз әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Біз Украинаның бұл күш-жігерге қосылуын қалаймыз. Сондықтан біз Украинаның GOVSATCOM және IRIS2-ге қосылуы бойынша келіссөздерді бастадық", - деді Кубилюс Париждегі халықаралық ғарыш конференциясында сөйлеген сөзінде.
Жүйені ұлттық агенттіктер, әсіресе әскери және барлау мақсаттары үшін кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Оның жұмысы ұлттық үкіметтер арасында шифрланған деректерді беру бойынша қолданыстағы GOVSATCOM бағдарламасына негізделеді.
Пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.