https://sputnik.kz/20260910/atyrauda-zhasospirim-murnyna-zhasalgan-otadan-keyin-koz-zhumdy-66539250.html
Атырауда жасөспірім мұрнына жасалған отадан кейін көз жұмды
Атырауда жасөспірім мұрнына жасалған отадан кейін көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Анасының айтуынша, медициналық тампон тыныс алу жолдарына түсіп, салдарынан қызы тұншыға бастаған 10.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-10T21:27+0500
2026-09-10T21:27+0500
2026-09-10T21:27+0500
жасөспірім
операция
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_d5efcf2ee9d8f99bb6deec9210750392.jpg
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Атырауда жасөспірім мұрнына жасалған операциядан кейін көз жұмды.16 жастағы қыз мұрын қуысындағы кистаны алып тастау бойынша жоспарлы ота үшін ауруханаға барған. Жасөспірім анасының айтуынша, дәрігерлер операцияны күрделі емес деп сипаттап, ол небәрі 20 минутта жасалатынын айтқан.Операция 19 тамызда жасалған, алайда одан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлай берген.Анасының айтуынша, медициналық тампон тыныс алу жолдарына түсіп, салдарынан қызы тұншыға бастаған.7 тамызда жасөспірім көз жұмды. Оның ата-анасы тиісті тексеру жүргізілгенін талап етіп отыр.Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында аталған операция техникалық тұрғыдан күрделі әрі жоғары дәлдікті талап ететін хирургиялық араласулардың қатарына жататынын хабарлады. Сондықтан мұндай операциялар барысында және операциядан кейінгі кезеңде медициналық тәжірибеде белгілі бір қауіптер мен асқынулардың туындау ықтималдығы толықтай жоққа шығарылмайды.Қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық мән-жайы, көрсетілген медициналық көмектің уақтылығы мен сапасы, сондай-ақ туындаған асқынулардың себептері жан-жақты зерделеніп жатыр, дейді басқармада.
https://sputnik.kz/20260905/zhasospirim-anasyn-pyshaqtap-oltirip-azhesin-zharaqattady-sot-ukimi-shyqty-66408669.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/13/17095190_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_99a7cd330b711ad1828ee13ddb9a0187.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім, операция, қылмыс
жасөспірім, операция, қылмыс
Атырауда жасөспірім мұрнына жасалған отадан кейін көз жұмды
Анасының айтуынша, медициналық тампон тыныс алу жолдарына түсіп, салдарынан қызы тұншыға бастаған
АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Атырауда жасөспірім мұрнына жасалған операциядан кейін көз жұмды.
16 жастағы қыз мұрын қуысындағы кистаны алып тастау бойынша жоспарлы ота үшін ауруханаға барған. Жасөспірім анасының айтуынша, дәрігерлер операцияны күрделі емес деп сипаттап, ол небәрі 20 минутта жасалатынын айтқан.
Операция 19 тамызда жасалған, алайда одан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлай берген.
Анасының айтуынша, медициналық тампон тыныс алу жолдарына түсіп, салдарынан қызы тұншыға бастаған.
7 тамызда жасөспірім көз жұмды. Оның ата-анасы тиісті тексеру жүргізілгенін талап етіп отыр.
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында аталған операция техникалық тұрғыдан күрделі әрі жоғары дәлдікті талап ететін хирургиялық араласулардың қатарына жататынын хабарлады. Сондықтан мұндай операциялар барысында және операциядан кейінгі кезеңде медициналық тәжірибеде белгілі бір қауіптер мен асқынулардың туындау ықтималдығы толықтай жоққа шығарылмайды.
"Операциядан кейін пациенттің жағдайы күрт нашарлауына байланысты медициналық ұйым тарапынан шұғыл және қарқынды емдеу шаралары толық көлемде жүргізілді. Сонымен қатар тиісті бейінді мамандар мен республикалық деңгейдегі сарапшылардың консультациялары ұйымдастырылды", - дейді басқармада.
Қазіргі уақытта аталған оқиғаның барлық мән-жайы, көрсетілген медициналық көмектің уақтылығы мен сапасы, сондай-ақ туындаған асқынулардың себептері жан-жақты зерделеніп жатыр, дейді басқармада.