NCOC-тан мемлекет пайдасына қаражат өндіру жұмыстары жалғасып жатыр – әділет министрлігі

© PhotoКомпания NCOC
Компания NCOC - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Әділет министрлігі NCOC-қа салынған айыппұлды өндіріп алудың уақытша тоқтатылуын түсіндірді
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Жекелеген БАҚ-та NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына ақшалай қаражат өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізудің тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат тарады.

Әділет министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Қазіргі уақытта NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдануына байланысты Атырау облысының соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан. Заңға сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізуді талап еткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу оны сот қайтарғанға дейін тоқтатыла тұрады", - дейді министрліктегілер.
Осылайша NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу бойынша жұмыс заңда белгіленген тәртіппен жалғасады.

Айта кетейік, экологиялық айыппұл күкіртті сақтау талаптарын бұзғаны үшін салынған және оны 20 шілдеге дейін ерікті түрде төлеу қажет болған. Айыппұлдың заңдылығын Қазақстан соттары растады.
NCOC — құрамына "ҚазМұнайГаз", америкалық Exxon Mobil, сондай-ақ батыстық Eni, Shell және TotalEnergies сияқты ірі мұнай-газ компаниялары кіретін консорциум.
Кашаган - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты
Жаңалықтар
0