Күйеу баласын атқан: Ақтөбеде полиция қызметкері сотталды

CC0 / Zaccaria Boschetti / Күйеу баласын атқан: Ақтөбеде полиция қызметкері сотталды
Күйеу баласын атқан: Ақтөбеде полиция қызметкері сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Жазылу
Жәбірленуші екеуінің арасында алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде жанжал туындаған
АЛМАТЫ, 9 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде күйеу баласын атқан полиция қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды.
Хромтау аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты 28 наурызда кезекшілікке шығуы тиіс болған. Өзімен бірге қызметтік қаруы болған. Туыстарымен ішімдік ішіп отырғанда күйеу баласының қарындасын ұрғанын естіген. Ашуға булыққан ол оған төрт рет оқ атқан.
Тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу".

"Сотталушы жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде, олардың арасында жанжал болған. Сотталушы қызметтік тапаншасын алып, жәбірленушіні қасақана оған 4 рет оқ атқан. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген", - дейді Ақтөбе облысының соты.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындаған. Сот үкімімен оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Табельдік қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Ақтөбеде полиция қызметкері әріптесіне оқ атты
Жаңалықтар
0