https://sputnik.kz/20260909/kokshetauda-psikhotroptyq-preparattardy--satumen-aynalysqan-boyzhetken-7-zhylga-sottaldy-66481029.html
Көкшетауда психотроптық препараттарды сатумен айналысқан бойжеткен 7 жылға сотталды
Көкшетауда психотроптық препараттарды сатумен айналысқан бойжеткен 7 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Ол дәрі-дәрмектерді интернет-ресурстары арқылы үлкен партиялармен сатып алып, таныстарына сатқан 09.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-09T12:11+0500
2026-09-09T12:11+0500
2026-09-09T13:31+0500
көкшетау
бойжеткен
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/161/81/1618107_0:0:2626:1478_1920x0_80_0_0_17c240f072e9be83208e87a61be70b97.jpg
АСТАНА, 9 қыркүйек - Sputnik. 23 жастағы Көкшетау тұрғыны күшті әсер ететін дәрілік препараттарды заңсыз сатқан, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті. 2024 жылдың күзінен бастап қыз заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын дәрілік заттарды сатумен айналысқан. Полицейлер тұрғылықты жерін тінту барысында дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ оны заңсыз өткізу мәселелері талқыланған әлеуетті сатып алушылармен хат-хабарларды тауып, тәркіледі. Сот әйелді кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сот емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады.
https://sputnik.kz/20260221/shymbulaqta-dauyldan-alyp-agash-qulady-61348306.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/81/1618107_0:0:2208:1656_1920x0_80_0_0_4eafa14182580be762fc59dde39c6c79.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, бойжеткен, сот үкімі
көкшетау, бойжеткен, сот үкімі
Көкшетауда психотроптық препараттарды сатумен айналысқан бойжеткен 7 жылға сотталды
12:11 09.09.2026 (жаңартылды: 13:31 09.09.2026) Ол дәрі-дәрмектерді интернет-ресурстары арқылы үлкен партиялармен сатып алып, таныстарына сатқан
АСТАНА, 9 қыркүйек - Sputnik. 23 жастағы Көкшетау тұрғыны күшті әсер ететін дәрілік препараттарды заңсыз сатқан, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.
2024 жылдың күзінен бастап қыз заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын дәрілік заттарды сатумен айналысқан.
"Ол дәрі-дәрмектерді интернет-ресурстар арқылы үлкен партиялармен сатып алып, таныстарына сатқан. Бұл тәуелділікті тудыратын және адам денсаулығына теріс әсер ететін дәрілер. Оларды тек дәріханаларда және дәрігердің рецепті бойынша ғана сатып алуға болады", - дейді полиция.
Полицейлер тұрғылықты жерін тінту барысында дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ оны заңсыз өткізу мәселелері талқыланған әлеуетті сатып алушылармен хат-хабарларды тауып, тәркіледі.
"Бойжеткен бұрын электронды темекі сатумен айналысқан, бірақ кейіннен дәрі-дәрмектерді сатуға көшкен. Сонымен қатар, сот процесінде сотталушының өзі психобелсенді заттарды қолданатыны, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар екендігі анықталды", - делінген хабарламада.
Сот әйелді кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сот емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады.